Қарағандының қаһары немесе оқиғадан соң

5185
Adyrna.kz Telegram

Ерекше басталып, ұлттық үрдіс алған осы оқиға мынандай жайттарды көрсетті.

Бірінші, билік аяқ асты оқиғаларға дайын емес.

Екінші, тәуелсіз журналистика түгілі, ұлттық бағыттағы БАҚ жоқ. Керісінше,  ұлтқа қарсы сөйлейтін бауыры суық блогерлер бар екені танылды.

Үшінші, Ассамблея қауқарсыз, қажетсіз құрылым.

Төртінші, билік ішінде ұлт сөзін сөйлейтін ЕШКІМ жоқ.

Бұның бәрі даусыз аксиома. Енді бұл оқиға неден бастау алуы мүмкін, неге бұлай болды десек... Қарағанды  әлде бір тоқырауға, естанды тәжірбиеге ұшырағандай. Ыңғайсыз жағдайда  басталған ІІМ Академиясындағы "мәлімдеме" ІІМ ішіндегі клан соғысының  көрінісі секілді. "Ежелгі Рұмдағы" жанжал соның басқаша жалғасындай. Ескі Кеңес кезінде, бүгінгі Қазақстанда ҰҚК мен ІІМ арасындағы теке-тірес бізге мәлім, бұның аяғы Андроповтің билікке келуімен біткен. Тура осындай жайттармен Путин де президентке айналды.

Ал біздің ҰҚК басшысы екі мәрте өкіметті басқарғаны бәрімізге белгілі. Немесе бұл Ниғаматуллиннен қалған "қазыналарды" бөлісу. Күдіктілер арасында "оғлылардың" болуы одан кейін жоғалып кетуі, қырық бір құмалақты біреулердің асыға араластырып жатқанын көрсетті. Немесе сыртқы күштер- қазақ даласын әзірбайжан мен әрмен арасындағы майдан аренасына айналдырмақ! Онда Еуразиялық одақ қазақ билігінің қолын ары байлай түседі. Әлде бір күштер-әрмен мен сақшылардың сөйлескен аудиожазбаларын төгіп, құюда. Осы арқылы құқық қорғау органдарының қылмысын ашып, ресторан егелерін де көрсетуде.Бұндай мәліметтер жай шашылмайды, қарапайым ел білмес тендер мәселелері де айтылып қалды. Бірақ қазақ аталмыш сынақтан адаспай өтті! Бізге темірдей тәртіп керек, жөнге салу керек деген байлаулы блогшілер шығары анық. Бұдан әрі айылды тартар болса аттан құлайды бұл жүйе.

Қарағанды- жолайырықта тұрғанымызды көрсетті. Жаулардың жар астында емес, жаныңда жатқанын айтты-Қарағанды. Боздағыңның бауыздалып, қар үстінде қараусыз қалатынын да ескертті-Қарағанды. Қаһарлы қыстан да суық ер қайраты, ел қайраты бар екенін паш етті-Қарағанды...

Серік Елікбай

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер