Жамбыл облысында сарбаз бірнеше әйелді соққыға жыққан

3709
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Жамбыл облысының Құлан ауылында әскери қызметкер бірнеше әйелді соққыға жықты. Бұл туралы Polisia.kz жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 12 желтоқсанда Т. Рысқұлов аудандық полиция бөліміне әскери киімдегі белгісіз ер адамның Құлан ауылындағы бірнеше үйге кіріп, тұрғындарға дене жарақатын келтіргені туралы хабарлама түскен.

“Анықталғандай, ер адам кешкі уақытта алдымен үй ауласында орналасқан дүкенге кіріп, 45 жастағы әйелдің бетіне соққы жасаған. Содан соң осы көшеде орналасқан тағы екі пәтерге бөлек кіріп, алдынан шыққан 45 және 43 жастағы әйелдерді ұрып-соққан. Соңғы әйелдің үйіндегі жолдасы аталған ер адамды ұстап, полиция қызметкерлерін шақыртқан. Шақырту бойынша шұғыл жеткен сақшылар 22 жастағы әскери қызметшіні полиция бөліміне жеткізіп, тиісті жедел іс-шаралар жүргізді”, - делінген хаьарламада.

Аталған дерек бойынша Оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасының Тараз қаласы бойынша департаментімен ҚР ҚК-нің 149-бабы 2-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Пікірлер