Халық күткен сөз!!!

2476
Adyrna.kz Telegram

Мұрат Бақтиярұлы,
ҚР сенатының депутаты;

"Қарағандыдағы "қанды" оқиға ешкімді бейжай қалдырмаганы анық. Өрімдей жас азамат қанішерлердің қолынан ажал құшты. Барлық туған туыстарының қайғысына ортақтасып көңіл айтамын. Қанішерлер тиісті жазаларын алу керек.
Жалпы "Қазақстан көп ұлтты мемлекет" деген қағидатты өзгертуіміз керек.
Ықылым заманнан бері Қазақстанда мекендейтін, қазақ мемлекетін құрайтын, ұланғайыр даланың иесі де, киесі де бір- ақ ұлт бар, ол - қазақ ұлты. Қалғандары этникалық диаспоралар. ОЛАРДЫҢ барлығының дерлік өз отандары бар. Қазақтың Қазақстаннан басқа ОТАНЫ жоқ. Сондықтан да қазақ ұлтының мүддесі тек осы елде ғана қорғалады. Әлемде этникалық аз топтарға барлық жағдайлар жасалған мемлекет Қазақстанда ғана. Тек Қазақстанда ғана.
Үлкен өкінішке орай, мемлекеттік тілді білмей-ақ мемлекеттік қызмет атқаруға, бизнес жасауға болады. Соны бағалап, қадірлей білмеген өзге этностардың кейбір өкілдеріне "тарихи отандарыңа жолдарың ашық" дегім келеді. Кеше Армения парламентінің депутаты Э. Марукян Армениядағы Қазақстанның елшісін шақыртып, Қазақстандағы "армяндарға көрсетіліп жатқан қысымдарға" байланысты түсіндірме беруін талап етіпті. Бұл - Қазақстанның ішкі істеріне қол сұғушылық. Бұған біздің СІМ тез арада тиісті ресми жауабын беруі тиіс."

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врачи молчат об этом! Это вытянет всю боль из колен, таза и спины
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Пікірлер