Қазақ елінде ресейлік қанша қашқынның жұмыс істейтіні белгілі болды

3392
Adyrna.kz Telegram
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ілияс Испанов қазір елімізде қанша ресейлік қашқын бар екенін баяндады.  Оның айтуынша, елде 298 мыңға жуық Ресей азаматы бар, оның 30 мыңы Қазақ елінде тұрақты жұмыс істеп жүр. Бұл жайлы "Адырна" ұлттық порталы хабарлады.

Ресейде соғысқа орай мобилизация жарияланғалы бері Қазақ елі аумағына 837 мың адам келіп, 780 мың адам кеткенін атап өтті.

"Бүгінгі таңда елімізде әртүрлі себептермен 298 мыңға жуық ресейлік жүр. Оның ішінде 30 мың адам келісім-шарт бойынша жұмыс істейді, соның негізінде уақытша тұру тіркеуі бар. Қазақстанда 20 мыңға жуық студент оқиды", - деді Ілияс Испанов.

Сонымен қатар кейбір Ресей азаматы Қазақстанды транзиттік ел ретінде пайдаланды. 21 қыркүйектен бері 198 мыңға жуық адам Қазақстан арқылы басқа елдерге ұшып кеткен.

Еске сала кетейік, 21 қыркүйекте Ресей президенті Владимир Путин ішінара мобилизация жариялады. Ол шара 31 қазанда аяқталды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер