Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы 2025 жылға дейін 100 пайызға өседі - Абаев

3971
Adyrna.kz Telegram

Мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысы 2025 жылға дейін 100 пайызға өседі. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев мәлімдеді, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

24.kz хабарлауынша, Жамбыл облысы тұрғындарымен кездесуде Дәурен Абаев қатысушылардың барлық сауалдарына жауап берді. Мәселелі деп қойылған алғашқы сұрақ – жалақыға байланысты болды. Себебі сала қызметкерлері айлықты көтеру бойынша ұсыныс білдірген болатын. Енді міне  министрмен кездесуде нақты жауап алды.

 "Жалақы көтеріліп жатыр 2021 жылдан бастап. 25 жылға дейін 100 пайызға дейін 20\20 пайызға көтеріліп, 100 пайызға дейін жетеді. Екі есе жалақылары көбейеді. Бірақ та біз инфляция мәселесін де түсінеміз. Мемлекет жалақыны көтеруге ынтасы жоғары. Бірақ та бұл экономика нарықтың кірісі бар шығасы бар бәрін есептеу керек", -  деді Дәурен Абаев. 

Жиында жас мамандарды уақытша баспанамен қамту, мәдениет салсындағы техникалық қызметкерлердің айлығын арттыру мәселесі көтерілді. Министр мұның бәрін қарастырып, үкіметке ұсыныс жасайтынын жеткізді. Аймақта биыл Арт спортын қаржыландырудан қиындықтар туындаған еді. Жауапты ведомство басшысы келер жылы мәселе болмайды деп сендірді. Себебі бұл бағытқа 2 млрд теңге бөлінген. Шарада спортшыларға өмір бойы берілетін төлемақы жайы да көтерілді.  Кездесу барысында «Ежелгі Тараз» мұражайы да сөз болды. Министр жергілікті билікпен бірігіп, ғимаратты министрліктің балансына алу жайын қарастыратынын мәлімдеді.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер