Өздеріңіз білесіздер, жақында жыл адамы болған Владимир Зеленский Мәскеуден басқарылатын орыс православие патриархатының украин православие шіркеуінің (UPC MP) қызметіне араласуына тыйым салды.
Мен мұны өте дұрыс шешім және біздің елде де Ресей арқылы діни қызмет жүргізетін православиелік шіркеулердің Мәскеумен байланысын құзырлы органдар мұқият-жіті тексеру керек деп ойлаймын.
Біздің еліміздегі православтардың діни бірлестігі Қазақстанның Православие Шіркеуі (ПЦК) немесе Қазақстан Республикасындағы Митрополиттік округ деп аталады. Яғни, бұл діни ұйым Мәскеуде орналасқан Орыс Православие Шіркеуінің "округі" ғана болып есептеледі.
Сондықтан да Қазақстан Республикасында православие христиандарының діни бірлестігі Мәскеуден келген директиваларға сәйкес жұмыс істейтінін тез арада анықтау қажет..
2011 жылғы "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" заңның кіріспесінде біздің мемлекетіміз "халықтың мәдениеті мен рухани өмірін дамытудағы православиелік христиандықтың тарихи зор рөлін" мойындайды делінген...
Егер православиелік христиан дінінің рөлі- біздің еліміз үшін соншалықты маңызды болса, онда неліктен Қазақстан Православие Шіркеуі ресми Мәскеуден басқарылуы тиіс?!
Немесе Мәскеуге бағынышты Қазақстан Православие Шіркеуі - халқымыздың мәдениеті мен рухани өмірін дамытуда қалайша маңызды рөл атқарады?!
Айтпақшы аталмыш іс-әрекет егемен елдің ішкі саяси құрылымына тікелей араласу емес пе?!
Оның үстіне поп-діншілдердің ортасында Ресей арнаулы қызметінің тыңшылары көп екенін ескерсек,Қазақстанға "округ"түріндегі мұндай перифериялық қатынас түбі жақсылыққа апармайтыны айтпаса да түсінікті..
Меніңше, Қазақстан тез арада Православие Шіркеуінің азат Украина секілді автокефалия алуы мен біздің елімізде өз орталығы бар тәуелсіз жергілікті шіркеу болуы керек..
Бұл жағдайда ПЦК мен РПЦ-ның статусы тең дәрежеде теңеседі, ал қазір біріншісі тек екіншісінің филиалы десек болады.
Сол үшін Қазақстан тәуелсіз Украин шіркеуі сияқты Стамбулда орналасқан Патриарх Бартоломейге қарайтын,яғни "ТОМОС' талап етіп, Қазақстан Православие Шіркеуі өз алдына автокефалия яки автономия туралы сұрау салуын құптар едім.