Америкада Илон Масктың миға арналған чиптерді өндіретін Neuralink компаниясын тергеу басталды. Мемлекеттік деңгейде тергеу жүргізетін құрылымға компания қызметкерлерінің жануарларды азаптап, аса ауыр сынақ жүргізіп жүргендері хаққында хабарлама келіп түскен. Мұны "Адырна" ұлттық порталы мұны Reuters агенттігіне сілтеме көрсете отырып хабарлайды.
Қазір тергеу істерін АҚШ-тың ауыл шаруашылық министрлігінің өкілі, бас инстпектор, жүргізіп жатыр.
Тергеушілер Neuralink-тың ондаған құжатын шолып шығып, компанияда бұрын қызмет істеген 20 маманды сұрақ астына алған. Ақырында, жануарларды беймаза күйге түсірген мұндай зерттеу жұмысына қызметкерлердің көңілі толмайдығы бағамдалды.
Мұнымен қоса, Илон Масктың жылдам нәтижеге қол жеткізу жолында компания мамандарын ұдайы жан алқымнан алатыны да мәлім болды. Агенттіктің мәліметінше, басшының мұндай "күйгелектігінің" соңы сәтсіз сынамалар мен себепсіз жан-жануарлардың өліміне алып келген.
2018 жылдан бері Neuralink жүргізілген зерттеулердің кесірінен бір жарым мың жануар ажал құшқан. Дегенмен, тергеушілер бұл істің аяғына барғанша деректердің үстемелеп артатынына сенімді.
Әзірге тергеуге қарсы компания басшылығынан, Илон Масктың өзінен қандай да бір ресми жауап жоқ.
"Адырна" ұлттық порталы