Алматы облысындағы Космос ауылында жеке үйлердің бірінде өрт шығып, зейнеткер мен оның екі немересі көз жұмды. Бұл туралы Алматы облысы төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, деп хабарлацды “Адырна” ұлттық порталы.
Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Мәлімет бойынша, түнгі уақытта жергілікті тұрғындар жеке үйлердің бірі өртеніп жатқанын хабарлаған.
“Оқиға орнына келген қызметкерлер 90 шаршы метр аумақтың өртенгенін көрді. Үйді 8 адамнан тұратын отбасы паналаған және 2021 жылдан бері жалға алып келген”, – деді ведомство өкілдері.
Өрт сөндіру кезінде 1960 жылы туған әйел мен 2018 және 2019 жылдары туған балалардың мәйіті табылған. Есік қаласының орталық аудандық ауруханасына балалардың анасы, оның күйеуі, ұлы мен екі көршісі жеткізілген.
Қазір бұл жағдай бойынша Қылмыстық кодекстің 292-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу жүріп жатыр.