«5,8 млрд теңге»: «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына айыппұл салынды

3098
Adyrna.kz Telegram

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясына 5,8 млрд теңге айыппұл салынды . Бұл туралы бүгін ОКҚ-да өткен брифингте Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасов мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«АрселорМиттал Теміртау» металлургиялық кешені – Теміртау қаласындағы атмосфералық ауаны ластаушы негізгі кәсіпорын. Оның ауаны ластаудағы үлесі – 86,4 пайыз. Жыл сайын «АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнына экологиялық бақылау жүргізіледі. Биылғы 9 айда аумақтық экология департаменті компанияға 7 жоспарлы және жоспардан тыс тексеру жүргізді. Оның нәтижесі бойынша экологиялық заңнаманың бұзылуы фактілері анықталды, - деді комитет төрағасы.

Оның айтуынша, кәсіпорын бейорганикалық шаң-тозаңдарды нормативтен тыс шығарған, бұрын берілген нұсқамаларды орындамаған және газ шығатын құрылғыларды ұстау бойынша тиімді шаралар қабылдамаған.

Ал кәсіпорын басшылығы бұл шешіммен келіспей, қарсы шағым түсірген. Зұлфұхар Жолдасов қазір істің сотта қаралып жатқанын атап өтті.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер