Фейсбук әлеуметтік желісінде журналист Мейіржан Әуелханұлы Талғар ауданындағы келеңсіз жағдайды айтып, жазба жариялады. Жылу тоқтап, қариялар мен балалардың дірдек қаққанын көрген автор ел атқамінерлеріне ренішін білдірді. Бұл жайлы "Адырна" ұлттық порталы хабарлады.
- Алматы облысы Талғар ауданы Тұздыбастау ауылында кешеден бері газ жоқ. Көршілердің чаты шулап жатыр. "Қашан келеді? Кімге хабарласамыз?" деген сұрақтар. Бір скриншоттар тарап жүр. Ағаштардың газ құбырына құлап, апат болғаны жайлы. Әлі ешқандай ресми хабарландыру тараған жоқ. Үйдегі әйел, бала-шағаға, кәрі адамдарға обал. Дірдек қағып, суықта пана таппай отыр. Тек Тұздыбастау емес, Гүлдала т.б біраз ауыл солай екен. Бұл ел ел болудан қалып бара ма қалай? Жоқ әлде жолды жауып, митинг жасамаса мәселе шешілмейтін болған ба?
Өкінішке қарай, оқырмандар автордың жазбасын елдігімге сын деректермен толықтыра жөнелді. Автор, газдың түскен кейін, сағат төртте келгенін жеткізді. Сонымен қатар:
- "Тәуекел газ" деген монополист мекеме. Газды тартатын кезде ақшасын төлеп қойғанның өзінде соңдарынан жүгіртіп, халықты көп әуре-сарсаңға салады. Ал қыстың көзі қырауда трубасы жарылып жатса да не жауап бермейді, не тездетіп жөндемейді. Қазақтанда жұмыс жасайтын әкім қараның бәрін бір кемеге салып басқа жаққа көшіріп жіберу керек. Бір жаңа құрлық тауып, сондағы тайпаларға әкім болсын!.. Әкімдіктегі азаматтардың "түсіністікпен қарауын өтінеміз" деген сөзін түсіне алмайды екенмін. Суық күнде сәбиі бар ана не істейді, ауру қарты бар адам не істейді? Олар сіздерге қалай түсіністікпен қарайды сонда? - деп жазды автор.
"Адырна" ұлттық порталы