"Көрші отырған Қытайдың жағдайы мүшкіл" - Министр локдаун енгізілмейді деп сендірді

3231
Adyrna.kz Telegram
Көрші Қытайдағы қабылданған қатаң шараларға қарамастан Қазақ елінде коронавирустың таралуына байланысты шектеу шараларын енгізу жоспарда жоқ. Бұл жайлы ҚР Денсаулық сақтау министрі мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың айтуынша, бүгіндері Қытай мен Қазақстандағы коронавирус инфекциясына қатысты жағдайдың айырмасы жер мен көктей.

Министр пандемия басталғаннан бері Қытай өте қатаң шектеу шараларын қабылдап, инфекцияны оқшаулауға қатысты шектеу іс-шараларына ерекше мән берді.

- "Қазір Қытайдағы ұжымдық иммунитет қандай деңгейде екенін айта алмаймын. Оларда ауру шыққан жерлерде шектеу іс-шаралары қабылданады. Бұған халық өз наразылығын білдіріп жатқан болар", - деп Ажар Ғиният Қазақпарат тілшісі қойған сұраққа жауап берді.

Денсаулығымыздың бас жанашыры бүгінде ел азаматтарының 10 миллионнан астамы інденттен қорғайтын екпе салдырғанын айтты. Бес миллион адам қайта вакциналану процесінен өткен.

"Бізде ұжымдық иммунитет қалыптасқан, сондай-ақ омикронды адамдар жеңіл еңсеріп жатқанын ескере отырып, ел аумағында шектеу іс-шараларын енгізу жоспарланбаған", - деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.

Жақында Қазақ елінде коронавирустың "Омикрон BQ.1.1" штамының бір нұсқасы - "Цербер" штамының белгілері байқалғаны хабарланған еді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер