Қазаққа қажет емес "СПОРТ" газеттері!

2194
Adyrna.kz Telegram

...Бүгін Қазақ мемлекетінің тұңғыш спорт баспасөзі -- екі тілде шығатын "СПОРТ" газетінің бірінші санының жарық көргеніне 60 жыл толады! Бұл -- шындап келгенде мемлекеттік көлемде атап өтетін оқиға. Өкінішке қарай,бұл оқиғаны Спорт министрлігін былай қойғанда газет редакциясының өзі жақ ашып,жариялап,он адамның басын қосып,осындай ұлы оқиға болып еді-ау деуге шамасы келмеді! Себебі - газеттер соңғы бес жыл көлемінде жаны ашымастардың қолына түсіп,бүгінде қазақшасы дербес шығудан да айрылып,басқа бір газеттпен будандастырылып,өз атынан айрылып,тарихи деректердің ізі жоғалып,тұтас бір салаға қиянат болып жатқан жағдайы бар! Газеттердің 50 жылдығы да атап өтілмеді! Мерейтой атап өтілмек түгілі газеттердің сол кездегі қожаларының "СПОРТ" газеттерін құлай сүйетіндіктерінің арқасы болар, қазақ тілінде шығатын газетіміздің желкесі қиылып,жарыққа шықпай қалды! Спорттағы,әлем чемпионаттары мен Олимпиадалардағы Жеңістерімізге Президенттің өзінен бастап бүкіл халық бөркін аспанға атып қуанатынын білетін Біз дәл осындай ЖАНЫАШЫМАСТЫҚҚА
не айтарымызды да,не ойларымызды да білмей басты салбыратып қана отырмыз... Сонау 1959 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұл газетте қаншама талантты қаламгер,жанкешті журналист еңбек етті және спорттағы қаншама таланттардың атын шығарып,чемпиондарды елімен табыстырды?! Бүгін қарап отырсаң тарихта мұндай ғажап оқиға болмаған секілді! Тарихын топырақпен жасырған елдің ертеңгі ерліктері жер бетінде қалады дегенге Сенесіз бе осыдан кейін? Мен сенбеймін! Қайран,Қазаққа қажет емес "СПОРТ" газеттері-ай,қор болдың-ау!!!

 Несіп Жүнісбай

Пікірлер