Қарағандыда суға батқан көліктен адамдарды құтқарған екі жігітке 5 млн теңгеден берілді

870
Adyrna.kz Telegram

Қарағанды облысының әкімі  Жеңіс Қасымбек суға батқан көліктен жүкті әйел мен балаларды құтқарған екі қарағандылыққа 5 млн теңгеден берді. Бұл туралы әкім өзінің желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Біздің жерлестеріміз Оразалы Асылханов пен Думан Кәкенов екі әйел мен екі баланы құтқарып, оларға алғашқы медициналық көмекті көрсетіп, кәсіби деңгейде әрекет етті. Бұқар жырау ауданының тұрғыны Думан Кәкенов суға батып бара жатқан көлікті көріп, осы көліктің жолаушысы болған Оразалыға жолаушыларды құтқаруға бағытталған алғашқы шараларды іске асыруға қолұшын берді. Жедел қабылданған шаралардың арқасында жерлестеріміз қайғылы жағдайға жол бермеді. Соған байланысты Думан Кәкенов пен Оразалы Асылхановты әрқайсысын 5 млн теңге көлеміндегі сыйақымен көтермелеу туралы шешім қабылдадым. Сонымен қатар Оразалыны жұмысқа орналастыруға жәрдем көрсетеміз. Бұған қоса, Қарағанды облысының ТЖД бұл жігіттерді марапаттауға ұсынатын болады», - деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Еске салайық, Қарағанды облысында жолаушылары бар көлік мұз астына түсіп кеткен. Автокөлік салонында екі әйел мен екі сәби болды.

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket