Алтай Көлгінов қызметінен босатыла ма? - елорда әкімі жауап берді

4586
Adyrna.kz Telegram
Қазнетте "Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Астана қаласының әкімі лауазымына тағайындалады" деген ақпарат пайда болып, кең тарап кетті. Елорда әкімі Алтай Көлгінов аталған қауесетке қатысты өзінің пікірін білдірді, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 
"Қауесет туралы ештеңе айта алмаймын. Менің ойымша, барлығын уақыт көрсетеді. Заң бойынша, Конституция бойынша Президент сайланғаннан кейін барлық әкімдер өз қызметтерін босататыны белгілі. Әрі қарай Мемлекет басшысы шешеді, көресіздер ғой. Уақыт төреші. Біз әрқашан елге және қоғамға қызмет етуге дайынбыз. Мемлекеттік қызметтің мәнісі осыда", - деді Алтай Көлгінов. 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Астана қаласының әкімі лауазымына тағайындалғаны туралы қауесетті жоққа шығарған болатын.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Пікірлер