"Қазір – жеңісті тойлайтын кез емес". Тоқаев ауылды дамыту туралы Жарлыққа қол қойды

2364
Adyrna.kz Telegram

Ауыл - қазақтың жаны, болмысының қайнары, қасиетінің бүтіні. 26 қарашада өткен ұлықтау рәсімі кезінде Қасым-Жомарт Тоқаев ауылды дамыту мәселесі туралы Жарлыққа қол қоятынын, соған сәйкес Үкіметке ауылды дамытудың 5 жылға арналған нақты жоспарын әзірлеуді тапсыратынын хабарлады. Бұл жайлы "Адырна" ұлттық порталы жазды.

"Қазір – сайлаудағы жеңісті тойлайтын кез емес, аянбай еңбек ететін кез. Сол себепті, арқаны кеңге салмай, бірден іске кірісуіміз керек, босаңсуға болмайды. Осы орайда, ең алдымен қолға алатын бірнеше мәселеге арнайы тоқталғым келеді. Мен сайлауалды сөздерімде ауылды өркендету ісіне баса назар аудардым. Бүгінде Қазақстан халқының 40 пайызға жуығы ауылда тұрады.  "Ауыл – ел бесігі"  деп халқымыз бекер айтқан жоқ. Сондықтан, ауылдағы жағдайды жақсарта алмасақ – бәрімізге сын. Сол үшін мен бүгін ауылды дамыту мәселесі туралы Жарлыққа қол қоямын", - деді Президент.

Президент осы құжатты негізге ала отырып, Үкіметке ауылды дамытудың 5 жылға арналған нақты жоспарын әзірлеуді тапсыратынын жеткізді.

"Бұл менің жаңа президенттік мерзімдегі бірінші Жарлығым болады. Үкімет ауылды дамытуға арналған барлық жобаны жүйелі түрде реттеп, жинақтауға тиіс. Содан кейін мақсатты түрде тиімді жұмыс жүргіземіз", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер