Мал дәрігерінің еңбекақысы 50%-ға өседі - вице-премьер

2845
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/11/d714086c-3f7d-4cdf-87cc-1cf161b0f234.jpeg
Мал дәрігерінің еңбекақысы 2023 жылы 50%-ға өседі. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр айтты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық пораталы. Роман Склярдың айтуынша, 2023 жылғы 1 наурызға дейін Үкіметке ауылдық аумақтарды дамыту концепциясы енгізіледі. Ол 10 бағыттан тұрады. Әр бағыт бойынша нақты критерийлер бар. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың іс-қимылын Ұлттық экономика министрлігі үйлестіреді. Үкімет басшысының бірінші орынбасары биыл мал дәрігерлерінің айлығы 50%-ға өскенін, келесі жылы тағы да 35-50%-ға көтерілетінін атап өтті.
“Сондай-ақ олардың денсаулығын сауықтыруға екі айлық көлемінде жәрдемақы төленеді. Ветеринария саласын цифрлық форматқа көшіріп жатырмыз”, - деді Роман Скляр Сенаттың жалпы отырысында.
 
Комментарии