Ресей Қазақ еліне өтініш айтып, астық тарифтерін төмендетуді сұрады

3176
Adyrna.kz Telegram

Ресей Қазақстан Республикасынан астық тасымалдау тарифтерін төмендетуді сұрап, ортақ келіссөзге келуге шақырды.  Бұл жайлы Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.  

«23 қараша күні Орынборда форум өтеді. Форумды екі елдің басшылары тігіндейді. Ресейдің өзі келіссөзге келуге шақырды.  Менің Ресей тарапындағы үзеңгілесім - Оверчук мырза. Біз жақтан да біраз делегация болады. Өзіммен бірге Ресейден транзит арқылы өтуді көздейтін кәсіпкерлерді ертемін. Ресей жағы да өз бизнесмендерін шақыратыны сөзсіз. Біз келісім жайын ақылдасамыз", -  деді министр Серік Жұманғарин.

Сонымен қатар, министр Ресей жағының ұсыныстары тиімсіз болса, астық тарифтерінің еш түспейтінін хабарлады.

Бұған дейін де Ресей Қазақстаннан астық тасымалдау тарифін түсіруді өтінген еді. Бірақ Қазақстан астық тарифін 4 жыл бойы өзгертпей келеді.

"Адырна"  ұлттық порталы

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Пікірлер