Ертіс-Баян өңірінің сайлаушылары белсенділер қатарында

5223
Adyrna.kz Telegram

Сайлау басталғалғаннан 12:05 сағатқа дейін Павлодар облысындағы барлық дауыс берушілердің жартысына жуығы өз таңдауын жасап үлгерді. 

Аймақтағы дауыс берушілердің 44,23  пайызы өз таңдауын жасаған. Павлодар еліміз бойынша белсенді өңірлердің бірі болып отыр.

Сайлау учаскелерінің жанында жұртшылыққа арналған жәрмеңкелер ұйымдастырылып жатса, кейбірінде көңілді әуен ойынап, тартымды музыка қойылған. Ең бастысы, науқан қалыпты, талапқа сай өтуде. Ешқандай заңбұзушылық тіркелген жоқ, дейді тәуелсіз бақылаушылар. 

Дауыс берген азаматтардың арасында жақында ғана Қазақстанның азаматтығына ие болған қандасымыз Жәнібек Бекболатұлы да бар.

“Мен үш ай бұрын Монғолиядан атамекенге оралған едім. Осыдан бір апта бұрын ғана Қазақстанның толыққанды азаматы атанып, жеке куәлігімді қолға алдым. Бүгін міне, өз елім, Қазақ елінің Президентін сайлауға дауыс бердім. Әрине, ерекше әсерде, толқып тұрмын”, - дейді Жәнібек Бекболатұлы.

Орталық сайлау комиссиясының жариялаған ақпараты бойынша, күндізгі 12:05 сағатқа дейін еліміз бойынша 4,6 миллион қазақстандық дауыс берген.

Естеріңізге сала кетейік, кешкі сағат 20:00 ге дейін әркім өз сайлау учаскесінде дауыс бере алады.

Пікірлер