Табысы аз азаматтарға 50 мың теңгеден беріліп жатыр

3002
Adyrna.kz Telegram

Астанада қаласының жұмыспен қамту басқармасы азаматтарға көмір алу үшін 50 мың теңгеден беріп жатыр. Арнайы жәрдемақыны тапқан табысы күнкөріс деңгейіне жетпейтін, төрт санатқа кіретін азаматтар ала алады. Жәрдемақыға қол жеткізу үшін жұмыспен қамту басқармасына хабарласу қажет. Әлеуметтік науқан келесі жылдың 30 сәуіріне дейін жалғасады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Qazaqstan" телеарнасына сілтеме келтіріп. 

Астананың 40-бекеті маңында орналасқан көмір сататын қойма меңгерушісі:

«Біз тамыздан бастап сатып жатырмыз, соның әсерінен қазір даурығу жоқ. Көмірді көп халық алды», –  деп пікір білдірді.

Қойма меңгерушісінің айтуынша, вагондар кемі екі күн сайын келіп жатыр. Бірақ, сатып алушылар Шұбаркөл көмірінің аз екеніне шағымданған.

Телеарнаның хабарлауынша, 40-станция тұйығына бүгін ғана жеткізілген 300 тонна көмір міне, 1 сағатта сатылып кетті. Ал, негізі қазақстандықтар жылына 10 млн тонна көмір тұтынады. Соның ішінде Шұбаркөлге сұраныс көп. Бірақ Шұбаркөлде жылына 3 жарым млн тонна шығарылады. Сондықтан кейде көмір жетпей жатады.

Теміржол тұйықтарында Шұбаркөл көмірінің бағасы – 13 850 теңге. Жібек Жолы, Талапкер, Қосшы, Қоянды және Аршалыға жеткенше тасымалдау құны қосылып, қымбаттайды.

Көмір бағасының құбылуы мен артуына қатысты тасымалдаушылар да пікір білдірген. Мәселен:

- Жеткізу ғой бізде. Қаланың сырты болса 20-25 мың, алыстаған сайын қымбатырақ болады. Қосшы, Қояндыға қаншаға апарасыз осы жерден? Мен Жібек жолына апарам, арғы жағы 25 бергі жағы 20 мыңға, – деп жауап берді тасымалдаушы Бағдат Мамыраев.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер