Оқушы санасына сәуле шашып, біліми инвестицияны аямай құйған ұстаздар - ұлт мақтанышы. Әлеуметтік желілер ажарында химиялық элементтерді қазақы ұғымға сай тәпсірлеп, жетесіне жеткізе түсіндірген, талдаған ұстаздың ерекше видеосы тарады.
Видеоны көріп қуанған әрі бойын мақтаныш сезімі кернеген күйші, қазақ дәстүрін дәріптеуші Алмат Ардақұлы:- Бұл - менің анам! Отыз үш жылдық еңбек өтілі бар жоғары санатты химия пәнінің мұғалімі - Роза Әбдірәсілқызы! Осы видео TikTok-та хит болып жатқан көрінеді. Парақшамда сақтап қоюды жөн көрдім, - деп жазды.
Роза Әбдірәсілқызы - Талдықорған қаласы, №21 мектептің құрметті ұстазы, оқушыларының сүйікті жолашары,View this post on Instagram
Новости по теме
"Қандай сұлу әйел және білімді ұстаз! Денсаулығы мықты, жасы ұзақ болсын!", "Өте керемет. Анаңыз аман болсын. Өзін ұстауы, балаға қамқорлығы, әрбір сөзі маған қатты ұнады. Парақшама да сақтап қойғам. Сабағын түгел көрмей-ақ, кішкентай үзіндіден бұл кісіден көп нәрсе үйренуге болатынын көріп қалдым. Осындай ұстаздар көп болсын!", "Анаңызға ұзақ ғұмыр тіледік. Ұрпаққа берген тәлімі, тағдырына таусылмас бақ болып келсін!" деп ақ тілегін жаудырды жұрт.
"Адырна" ұлттық порталы
Талдықорған
білім және ғылым
қазақстан білімі
химия пәні
менделеев элементтері
қазақстан мектебі
мектеп ұстаздары
химия