Балтабек Нұрғалиев президенттің қызына да өлең арнады

3234
Adyrna.kz Telegram

Естеріңізде сала кетейік, 2018 жылғы әдебиет және өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтың бірін ҚР пезидентінің қызы Әлия Нұрсұлтан қызы алған еді. Осы бір қуанышты хабарды Балтабек ақын фейзбук парақшасына былай деп бөлісіпті:

НҰРЛАНҒАН ТЕКТІЛІКТІҢ НЫШАНЫНДАЙ

Уа, Қазақ Елі! Бүгін керемет күн! Жақсы жаңалықты естіп, жаным жадырады! «Анаға апарар жол» кинокартинасының көреген бас продюсері болған Назарбаева Әлия Әпкетайым Мемлекеттік сыйлықтың иегері атанды! Құтты болсын! Бұл өлеңімді КИНО ӨНЕРІНІҢ КЕМЕҢГЕРІ Әлия Нұрсұлтанқызы Әпкетайыма арнаймын!

Сүйінші!
Уа, Сүйінші!
Игі қазақ!
Бұл хабар шұғыласын құйды ғажап.
Әлия Әпкетайдың сыйлық алған,
«Анаға апарар жол» фильмі ғажап!

Қалайша мен тұрамын өлең етпей?
Қалайша ел тұрады елең етпей?!
Әлия Әпкетайым – әлем нұры,
Киноның жебеушісі кереметтей!

Әлия Әпкетайым, нұр үлгіңіз,
Нұр сырын тектілікпен ұғындыңыз.
Нұрланған тектіліктің нышанындай,
Тарихи тағылымды туындыңыз!

Арналсын Сізге құрмет өлеңіміз,
Керемет киноларды жебедіңіз.
Паш етіп Ұлы Дала ұлағатын,
Халықты қуанышқа бөледіңіз!

Бұл деген – даналықтың дариясы,
Мақтансын Мәңгілік Ел әр ұясы.
Әлия бізде екеу, бірі – Сіз ғой,
Біреуі – Молдағұлдың Әлиясы!

Сіздердің ерлігіңіз егіз деймін,
Сөзімді дәлелдеймін, негіздеймін.
Әлия деген есім – ғажап есім,
Есімнен ерекше мән мен іздеймін!

Біріңіз – ұлы майдан ішіндесіз,
Біріңіз – майдан фильмін түсіргесіз.
Сыйлыққа Мемлекеттік лайықтысыз,
Осынау ЕРЛІГІҢІЗ үшін де, Сіз!

Болдыңыз бар қазаққа жариялы!
Болдыңыз бар әлемге жариялы!
Бас исін Тектіліктің белгісіне,
Ел танып Нұрдың Қызы – Әлияны!

Әлия Әпкетайым – ғұламамыз,
Қызысыз Ғұламаның! Қуанамыз!
Киелі Тәуелсіздік – көркем «кино»,
Сыйлаған ол «киноны» Нұр-Ағамыз!

Әкесі – Елбасымыз таңғажайып,
Әлия – Нұрдың Қызы таңғажайып!
Халайық, тектілерге тағзым етіп,
Бәріміз өлең арнап, ән жазайық!

Үлке-е-ен құрметпен, Балтабек Нұрғалиев

 

Пікірлер