Петропавлдағы жарылыс: жарақат алғандардың жағдайы белгілі болды

2029
Adyrna.kz Telegram

Петропавл қаласында газ балонның жарылысынан жарақат алған адамдардың жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, ауруханаға түскен 9 науқасты орта және жеңіл түрде күйік шалған. Қазір олар ем-дом қабылдап жатыр. Дүмпудің қатты болғаны соншалық, ғимараттың бір қабырғасы опырылып түсті. 10 көлік зақымданды.

«Болжам бойынша көліктің газ құрылғысы жарылып кеткен. Оның нақты себебін тергеуден кейін анықталады. Оқиға орнында 10 бірлік техника мен 43 өрт сөндіруші жұмыс істеді»,—деді облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Евгений Журавлёв.

Пікірлер