“Қазақстан Кеңестік менталитетті өзгерту керек”: Джеймс Робинсон Қазақстанға келіп, оқырмандарымен кездесті

3305
Adyrna.kz Telegram

Астанада әйгілі бестселлер - «Мемлекеттер неге дамымай қалады?» кітабы таныстырылды. Оған кітап авторының бірі - Джеймс Робинсон қатысты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Қазақстандық аудармашылар танымал бестселлер «Мемлекеттер неге дамымай қалады» романын қазақ тіліне аударған болатын.  Әдеби шығарманың авторлары - американдық экономистер Дарон Асемоглу мен Джеймс Робинсон. Олар Астанаға келіп, Ұлттық кітапханада өткен тұсаукесерде оқырмандарымен кездесті.

Бестселлер – соңғы кездегі ең ірі саяси және экономикалық энциклопедиялардың біріне айналып үлгерді. 

“Бұл кітап әрбір мемлекеттік қызметкерге арналған анықтамалық деп айтуға болады. Бұл екі американдық автордың мемлекеттер неліктен сәтсіздікке ұшырайтыны туралы жылдар бойы жүргізген зерттеулерінің нәтижесі. Бұл жұмыстың мақсаты – халықтың саяси сауаттылығын арттыру”,- деді «Мазмундама» қоғамдық қорының жұмыс менеджері Теңіз Сейілхан. 

Айта кетейік, Дарон Аджемоглы мен Джеймс Робинсонның «Мемлекеттер неге дамымай қалады?» кітабы - Сэмюэл Хантингтон, Джаред Даймонд немесе Фрэнсисс Фукуяма еңбектерімен салыстыруға болатын, соңғы уақыттағы ең ірі саяси-экономикалық бестселлердің бірі. Авторлар тарихшыларды, экономистер мен философтарды ғасырлар бойы алаңдатқан сұраққа жауап іздейді. «Әлемдік теңсіздіктің себебі неде, неге әлемнің байлығы жер бетіндегі елдер мен аймақтарға біркелкі бөлінбейді?» деген сұрақтарды тарқата отырып, саясат пен экономиканы зерделей келе жауап берілген. Адамзат баласы өмір сүрген барлық уақыт пен кеңістікті қамтуы бұл кітапты саяси-экономикалық ойдың нағыз энциклопедиясына айналдырады.

Tengrinews.kz тілшісі британдық экономист әрі зерттеуші, профессор Джеймс Робинсонмен әңгімелескен болатын. Сұхбат барысында Қазақстанның экономикасы туралы да сөз қозғалды. Онда Робинсон Қазақстандағы адамдарға инвестиция көп бөлінетінін айта кетеді. 

“Білесіз бе, Сингапурдың табиғи ресурстары жоқ.  Егер табиғи ресурстарды адамдарға, жүйеге инвестициялай алсаңыз жақсы. Бірақ қоғамдағы нағыз байлықтың қайнар көзі – адамдар. Табиғи ресурстар емес. Кәсіпкерлік байлықты тудырады. Шәкіртақы алуға, университеттерді дамытуға, студенттерді шетелге жіберуге көп инвестиция саласыздар. 

Бәлкім, бұл Қазақстанның жаһандануының бір бөлігі болса керек. Бұл мұндағы адамдарды әлемнен және басқа да істерді істеу тәсілдерінен көбірек хабардар етеді. Сондықтан, менің ойымша, Қазақстанда адамдарға тұрақты инвестиция бар және бұл өте маңызды”,- деді экономист.

Сондай-ақ, тілші Робинсоннан “Қазақстанның экономикалық моделіне талдау жасадыңыз ба? Оның болашағы бар ма?” деп сұрады. 

“Үлкен мәселе - бұл жерде «статикалық» мұраның бір түрі бар екенін ұсынамын. Кеңестік кезеңде, одан кейін де мемлекеттің қоғамдағы рөлі зор болды және солай болып қала береді. Қоғамдағы мемлекеттің рөліне байланысты тәуелсіз серпінді жеке секторды дамыту өте қиын. Біз мұны бұрынғы КСРО елдерінің барлығында көреміз. Бұл э автономды және әр түрлі жеке секторды құру өте қиын.

Қазақстанда нағыз заманауи нарықтық экономиканы құру үшін күрес жүріп жатқан сияқты. Бұл институционалдық инфрақұрылымды қажет етеді. Мемлекет бұл инфрақұрылымды құру қажет екенін түсінуі керек. Ал бұл қиын, өйткені бұл биліктен бас тарту деген сөз. Бұл кеңестік менталитет – бәрін бақылау. Бірақ бұл менталитетті өзгерту керек”,- деді ол.

Пікірлер