Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 16 қарашада Алматы жұртшылығымен кездесуінде жер сілкінісін дәл болжау және алдын ала ескерту қала үшін өте маңызды деді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Тоқаев 2025 жылға дейін 28 сейсмикалық станцияны орнатуды аяқтауды, кейіннен оларды Қырғызстанның ерте хабарлау жүйесімен біріктіруді тапсырды.
«Қалада төтенше жағдайлар туралы дауыстық хабарламаларды жіберу мүмкіндігі бар біріктірілген ескерту жүйелері жұмысын жолға қою керек. Бұл жұмыста үлкен деректер қолданылады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ол үшін әкімдік жағдаяттар орталығының қызметін толық іске қосуы қажет. Ол бейнебақылау жүйелерінен, жол қозғалысынан, қоңырау шалу белсенділігінен және әлеуметтік инфрақұрылымнан алынған деректерді біріктіруі керек, деп қосты Президент.
«Қаланың «цифрлық егізін» құру идеясы ақпараттық технологиялар саласындағы заманауи трендтерге және озық халықаралық тәжірибеге сәйкес келеді», - деді Президент.
Қыркүйек айындағы Жолдауымда әр қалаға жер телімдері мен инженерлік желілердің функционалдық интерактивті картасын жасауды тапсырдым.
«Алматыда бұл бұйрық«цифрлық егізді»дамыту және қаланың Бас жоспарын түзету аясында жүзеге асырылуда. Бұл жобалар бір-бірімен байланыста жүзеге асырылатын жүйелі көзқарастың жақсы үлгісі. Жалпы, бұл менің жақын болашақтағы қаланы дамытудың негізгі басымдықтарына деген көзқарасым», - деп түйіндеді сөзін Мемлекет басшысы.
Барлық белгіленген тапсырма мен жоба бірінші кезекте алматылықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға, экономикалық әлеуетін нығайтуға және қаланың тартымдылығын арттыруға бағытталған. Бұл міндеттердің орындалуы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ерекше бақылауында болады.