Тоқаев: «Алматы – еліміздің іскерлік орталығы»

555

Ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Алматы қаласына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Мультибрендті автомобиль зауытының іргетасын қалау рәсіміне қатысқан ол сапардың келесі күні оңтүстік астананың жұртшылығымен кездесу өткізді.

Жиын барысында Мемлекет басшысы шаһардың республикадағы саяси маңызды қала екенін тілге тиек етті.

«Алматы – қастерлі тәуелсіздігіміздің бойтұмары болған қала.  Алматыда еліміз үшін ең маңызды шешімдер мен құжаттар қабылданды. Осы жерде Егемендік декларациясына қол қойылды, Тәуелсіздігіміз жарияланды. Еліміздің болашағын айқындаған басқа да көптеген тағдырлы оқиғалар өтті. Алматы – еліміздің іскерлік, рухани, ғылыми және туристік орталығы. Сондықтан, мен қаланың дамуына, оның тіршілікке қолайлы, жайлы болуына айрықша мән беремін»,-деп айтты өз сөзінде.

Сонымен қатар Тоқаев, қаланың экономикалық әлеуетінеде тоқталып, бюджеттік кірістің 25 пайыздан астамы осы мекенге тиесілі екенін тілге тиек етті.

«Алматы – еліміздің экономикалық дамуының қозғаушы күші және көшбасшысы. Бұл қала жалпы ішкі өнімнің бестен бірін, яғни бюджеттік кірістің 25 пайыздан астамын және сауда-саттықтың үштен бірін қамтамасыз етеді»,-деп атап өтті.

Ел тарихында «Қаңтар оқиғасы» деген атаумен қалған кешегі көтеріңлісі, маңғаз қаланың мамыражай тіршілігіне өзіндік зардабын тигізгені айқын. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  аталған оқғадан кейінгі қаланың тыныс- тіршілігінің бір қалыпқа келгенін айтып, «бүгінгі таңда Алматы «Қасіретті қаңтардан» кейін толығымен қалпына келтірілді, қала экономикасы тұрақты түрде дамуда», - деп сөзін түйіндеді.

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket