Алтыбек Сәрсенбайұлының досы оның өлімі туралы тың деректермен бөлісті

4109
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет қайраткері Алтынбек Сәрсенбайұлының досы, жазушы Жүсіпбек Қорғасбек оның өліміне, жауларына, ұстанымдарына қатысты тың деректермен бөлісті. Бұл туралы«Қасқа жол» ютуб арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Айтуынша, Алтынбек Сәрсенбайұлының массондардың қолынан қаза тапты деген ақпарат шындыққа жанаспайды.

"Алтынбектің өліміне қатысты біздің қолымызда заң орындарының тергеу тексеруінен басқа ештеңе жоқ. Бірақ ол тікелей жүйенің құрбаны дегенге келіскім келмейді. Бірақ сол жүйенің ішіндегі жекелеген адамдармен ашық жау болғанын білемін. Солардың қолынан болған қаза шығар деп ойлаймын. Ал Бейбіт Сапарәлі бұл халықаралық күштердің массондардың қолынан қаза болды деген әңгіме атқан екен. Ол асығыстау айтылып кетен пікір деп ойлаймын. Қазір біздің қолымызда мына адам деп ұстап беруге ешқандай дәлел жоқ.»,- деді Жүсіпбек Қорғасбек.

Сондай-ақ журналист оппозиция арасындағы жайттарды да қозғады. 

«Бір күні оппозицияға ықпалы бар адамдардың бәрі жиналды. Оның ішінде банк басшылары бар, қаржылық топтардың да адамдары бар. Бәрі жиналып, сондағы айналдырғаны «Жас Алаш» газеті және мені қызметтен кетіру туралы мәселе қойған. Сондай былай деген: Мына Жүсіпбек Қорғасбек қайта-қайта Мұхтар Шахановты шығара береді деген. Оппозицияның жігіттерінің айтып отырғаны. Ал Шахновты неге айтып отыр? Шаханов тым қазаққы, қазақшыл, өздерінің деңгейінен төмен санап отыр ғой. Соны «Жас Алаш» үнемі басады, біз айтсақ көнбейді. Енді өзін жұмыстан алу керек деген мәселе қойған ғой. Сонда Алтынбек қарсы шығыпты. Ол менің ойлағанымдай газет шығарып отыр, жұмысына разымын және оған ананы бер, мынаны берме деп айта алмаймын деген. Сонда Нұржан Сұбханбердин: Алтынбек бізден гөрі осы саланың адамы, сондықтан өз қалауы шығар, сендердің не шаруаларың бар, деп қорғап қалған.

Арада бір-екі жыл өткенде оппозицияның жігіттері, серкелері хабарласты.Сіз ана Шахановқа айтыңызшы, біз алаңда тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қояйқ деп едік. Бізді бастап барсын дейді. Сендер оны жақтырмаушы едіңдер ғой, енді мен неге айтуым керек десем, сен түсінесің ғой, біз барсақ халық жиналмайды. Шаханов барса халық жиналады дегенді айтты", - деді Жүсіпбек Қорғасбек.

Пікірлер