"Қызығын жат көрмекші": Тазабек орыстардың қазақ қыздарын қарату тренингін тоқтатуға шақырды

2216
Adyrna.kz Telegram

Белгілі ақын Мұхамеджан Тазабек Алекс Леслидің атышулы тренингін тоқтату үшін бастама көтерді. Бұл туралы ол Instagram парақшасына жазды, деп хабарлайды, “Адырна” ұлттық порталы.

"Менің қолыма камера алғызып, мені уайымдатып тұрған жағдай бар. Ол - 19 қараша күні Алматы қаласына арнайы келе жатқан көрші елдің бүлікші блогері жайында. Алекс Лесли деген адам Алматыға келіп, Қазақ қыздарын жауапсыз төсек қарым-қатынасына үйрету үшін, қазақ қыздарының ар-ұятын қалай оңай таптауға болатынының бүкіл үлгісін көрсету үшін келе жатыр екен. "Жаман үйді қонағы билейді" ғана емес, осы елге келіп бүлік салып, біздің ең қымбатты болған қыздарымыздың ар-ұятын аяққа таптатуға келе жатқан адамға барынша қарсы тұрып, оның жолын кесуіміз керек. Жігіттеріміздің ар-ұяты, айбыны азайған сайын осындай басынушылар көбейіп кетеді. Әрқайсыңыз төңірегіңізге даусыңыз бен сөзіңіз жеткенше бұл нәрседен сақтандыруға шақырамын", - деді ақын.

Сондай-ақ, ол депутаттарға жазып, мәлімдеме жасау керегін де айтты.

"Қызыңды қорлаймын десе үніміз шықпайды, қатыныңды зорлаймын десе дымымыз шықпайды... Жаттың жаулауы мен бөтеннің бұзықшылығына мәу демейміз... Қайдасың коменттің командирлері мен дизлайктің дивизясында жүргендер?!" - дейді.

Еске салайық, Алекс Лесли лақап атымен танымал Александр Куриллов 19-27 қараша аралығында Алматы қаласында қыздарды арбау техникасы бойынша тренинг өткізетінін мәлімдеген. Бұл халық арасында көп дау туғызған еді.

Пікірлер