"Халықты соғыссыз-ақ қырасыз" - қазақстандықтар Денсаулық сақтау министрінің отставкаға кетуін талап етті

2293
Adyrna.kz Telegram

Алматылық  заңгер Анна Чернова ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятқа уәж айтып, қызметіне сын тақты, деп хабарлайды  "Адырна" ұлттық порталы "Ulysmedia.kz" порталына сілтеме көрсетіп.

“Біздің ұлттық қауіпсіздігімізге дәрігерлердің кесірінен қатер төніп тұр. Отставкаға кетіңіз! Сіз өз реформаларыңызбен біздің халықты соғыссыз және әлемдік пандемиясыз-ақ қырасыз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, Денсаулық сақтау министрін орнынан алыңыз! Күн сайын балаларымыз – болашағымыз өліп жатыр! Дәрігерлердің қолынан өліп жатқан қазақстандықтарға кім көмектеседі?! Қазақстандықтардың қырылуын тоқтатыңыз!”, - деп жазды заңгер әлеуметтік желілерде.

Заңгердің мұндай тоқтамға келуіне Жамбыл облысында қан алғаннан кейін шетінеген үш айлық қыздың өлімі себеп болған.

“Мен бұл істі объективті түрде тергеуді талап етемін. Сотқа дейінгі тергеу әдеттегідей созбаққа салынып, кінәлілер тағы да жазадан сытылып кетпеуі керек. Сіз тіпті қылмыстық жауапкершілікке тарту статистикасын көрдіңіз бе?! 5 жыл ішінде 83 адамның 27-сі жауапқа тарту мерзімінің өтіп кетуіне байланысты жазасыз қалған. Менің ойымша, бұл кәдімгі геноцид. Адамдар өліп жатыр және ол үшін ешкім жауап бермейді. Біз өз елімізде қалай қорықпай емделе аламыз?! Медицинамызды ретке келтіруді тағы қанша адам өтінуі керек? Неліктен сіздер халықтың үнін естігілеріңіз келмейді?”,- деді заңгер.

Instagram парақшасында заңгердің пікірін көптеген қазақстандықтарды қолдаған.
Айта кетейік, Ажар Ғиният Қазақстанның денсаулық сақтау министрі қызметіне 2022 жылғы 11 қаңтарда тағайындалды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер