Әлеуметтік желіде жеті жыланды уысында ұстап, жіпше иірген қазақ баласының видеосы тарап жатыр. Жүрегінің түгі бар бала келешегінің кемел болатынын, күні ертең халқының арқасүйеріне айналатынын ұғындырғандай. Айналадағы тал біткеннің жапырағына қарап мерзімнің "жыланды жаз" екенін байқауға болады. Бұл жайлы "Адырна" ұлттық порталы хабарлайды.
Қолында иретілген жеті жыланы бар бала тоған бойына отыра кетеді. Достарымен болған әңгімесінде "жылан аулап", қызық қуып жүргенін аңғартады.
- Әкемнің баласымын. Батырханның баласымын. Жеті жыланым бар. Олар адамды шақпайды, - деп достарына жауап береді жүрегінің түбі бар бала батыр.
Видеодағы сарыбас жыландардың иретілгеніне үрке қарап, баланың көзсіз ерлігіне таңданып жатқандар өте көп.
"Денем түршігіп кетті. Жүрегінің түгі бар бір өр мінезді екен мына бала",
"Негізі мықты бала екен. Өскенде керемет адам болады","Сары жыландар ғой, бұлар шақпайды. Бала күнімізде сөмкеге салып, мектепке апарып, қыздарды қырғын қылушы едік"
"Жаным,.. Қасиеті бар бала болып тұр ғой. Жүрегі елім деп соқсын ер азамат болсын!"Бұл жылан емес, кесіртке тұқымдас, бізде өріп жүреді, бірақ сұсты""Бұл жылан емес, жыланға ұқсайтын кесіртке. Денесі жыланнан қарағанда қыттылау, түсі қызғылт сары болып келеді. Зоология пәні бойынша практикалық сабақта бірнешеуін кесіп зерттеу жұмыстарын жүргізгенбіз.
"Шақпайды екен деп жүріп бір күні улы жыланға тап болса қайтеді? Қауыпті ойын ғой бұл, баланың әке-шешесіне ескерту керек" деп жазды оқырмандар.