Президент сайлауы: Алматы да науқан күні 54 инватакси қызмет етеді

592

Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауы 20 қарашада өтеді. Қасым-Жомарт Тоқаев жарлыққа қол қойды, бүгінге өңірлерде саяси науқанға дайындық пысықталу үстінде, деп хабарлайды» Адырна» тілісіші.

Санаулы күннен кейін өтетін бұл сайлаудың жөні бөлек, жолы басқа. Ел аумағында науқанға деген дайындық қызу. Ел үшін маңызды күні дауыс беру құқығы бар жанның сайлаудан қалыс қалмауына бар мүмкіндік қарастырылуда. Әсіресе, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы жағдай жасалмақ.

Мәселен,  Алматы қаласында сайлау құқығы бар мүмкіндігі шектеулі 43 000-нан астам адам тұрады. Соның ішінде 6209 адамға дауыс беру кезінде қолайлы жағдай жасауды қажет етеді.

«Барлық сайлау учаскелерінде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолжетімділік қамтамасыз етілген. Барлық сайлау учаскелері бірінші қабаттарда орналасқан, пандустар мен тактильді көрсеткіштер бар. Бұдан басқа, сайлау учаскелерінде жасырын дауыс беруге арналған арнайы кабиналар, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін бейімделген форматта мониторы бар компьютерлер қарастырылған. Сондай-ақ дауыс беру күні 54 инватакси қызмет етеді», - деп жазылған Орталық сайлау комиссиясы таратқан хабарламада.

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket