"Жала жапқан блогерлерді жақын арада жауапқа тартамын" - кандидат Қарақат Әбден

4469
Adyrna.kz Telegram
Қазақстан Республикасы президенттігіне үміткер Қарақат Әбден әлеуметтік желіде негізсіз жала жауып, өзін қорлағандарды заң негізінде "тәубеге түсіріп, тезге салатынын" жеткізді. Кандидат блогерлерге ескерту жасады. Ендігі ҚР заңнамасына арқа сүйей отырып, "жауыққандарды" жауапқа тартатынын айтты. Бұл жайлы "Адырна" ұлттық порталы жазды. 
- Тікесін айтқанда, соңғы кездері кейбір блогерлердің мен десе, "атарға оғы жоқ" екендігін байқаймын. Негізсіз қаралай бастады. Әлеуметтік желілерде қараптан-қарап отырып, қоғамдық дұрыс емес пікір қалыптасатынындарға,  кейде ашық жала жабатындарға (ҚР ӘҚБтК 73-3-бабы) және қорлайтындарға (ҚР ҚК 131-бабы) қатысты заң бар. Қуанышқа орай, заңнама бойынша мұндай құқық бұзушылықтарға жол ашқандарды жауапқа тартуға болады. Мен бұл заңнамаға жақын арада жүгінуді жоспарлап отырмын. Сөз бостандығы және өзге адамның ар-намысын, қадір-қасиетін қорлаудың арасында үлкен айырмашылық бар.  Ал ірі аудиториясы бар адамдар мұны әрқашан есте ұстауы керек - деді кандидат.
Еске сала кетейік, қазір Қазақстан Президенттігіне үміткерлер сайлау алды науқанға бел шешіп, білек сыбана кірісіп жатыр. Еліміздегі кезектен тыс Президент сайлауы 20 қараша күні өтеді.
"Адырна" ұлттық порталы
Пікірлер