Жеңіс: Жәнібек Әлімханұлы - Әлем чемпионы

2522
Adyrna.kz Telegram

13 қараша күні Лес-Вегаста өткен Жәнібек Әлімханұлы мен Дензел Бентлидің арасындағы басты бокс жекпе-жегі өз мәресіне жетті. Былғары қолғап шеберлері 12 раунд күш жарыстырды. Тартысты айқаста қазылар алқасының бірауыздан қабылдаған шешімі бойынша Қазақстан боксшысы жеңіске жетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Жәнібек Әлімханұлы үшін бұл 13-ші жекпе-жегіндегі 13-ші жеңісі.

Жәнібек Әлімханұлы өз мансабындағы 12 раундқа созылған бұл бірінші жекпе-жек екенін айтты.

- Бұл - бокс. Әрине, бұл араға спортшылар 100% мықты дайындықпен келеді. Қарсыласым да өте жақсы дайындалып келіпті. Өзім басым түстім. Бұл  менің алғашқы 12-раундым. Әлі үйренетін нәрселердің барын көрсетті. Қателіктермен жұмыс жасаймыз, - деді Жәнібек Әлімханұлы.

Өз кезегінде Дензел Бентли алғашқы раундтарда неге сылбыр болғанын түсіндіріп, реванш сұрады.

- Бұл - менің кемшілігім емес. Қарсыласымның ойын өрнегін бағалап, кемшілігі неде екенін, алда соны ұтымды пайдалану үшін бастапқы раундтарда сылбыр жүрдім. Реванш алсам деймін. Менің 12 раундқа дейін баруымның өзі көп нәрсені байқатса керек. Мен Әлем чемпионы боламын деп ойладым. Қазылар алқасының шешімі ғой. Дегенмен бұл мені мойытпайды. Әлем чемпионы болғанша шаршы алаңда өнер көрсете беремін! - деді Дензел Бентли.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер