Алматының Жетісу ауданында инженерлік желілерді жаңарту жұмыстары қарқынды

558

1 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында   инженерлік желілерді жаңартуды тапсырды. Онда ол үкіметке еліміздегі жылу және су желілерін жаңарту керектігін баса назарға алуға пәрмен берді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында: «Елімізде электрмен жабдықтау желілерінің үштен екісі, жылу коммуникацияларының 57 пайызы және сумен жабдықтау желілерінің жартысына жуығы тозған. Бұл сандар ойдан шығарылған жоқ. Тарифтерді жасанды тежеу ​​электр жарығын өшіруге, апаттарға әкеледі, соның салдарынан азаматтардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіруде», – деді.

Монополиялық нарықтарда «Инвестицияға айырбас тарифі» жаңа тарифтік саясатына көшу қажеттігін ескеріп,  Президент желілер мен қуаттардың тозуын кем дегенде 15 пайызға азайтуды тапсырған болатын.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл тапсырмасы Алматы шаһарында жүйелі түрде орындалуда. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Жетісу ауданы тұрғындарымен кездесуінде айтты.  Қала басшысы баяндамасында  аудандағы инженерлік желілерді жаңғырту жұмыстары қалай жүріп жатқанына тоқталып өтті.

 

"Осы жылдың қыркүйек айында сіздермен кездескен кезде Құлагер шағынауданындағы жылумен жабдықтау желілерін (1,7 км) реконструкциялау жұмыстарын тездету туралы мәселе көтерілді. Құлагердегі жылу желілерін реконструкциялау қазан айының соңында аяқталды. Құбырлар жер астына ауыстырылды, асфальт қалпына келтірілді, ескі жерүсті құбырлары бөлшектеп алынып жатыр", - деді қала әкімі.

Оның айтуынша, Қазыбаев көшесі, Рысқұлов даңғылы, Тәтібеков көшесі, Райымбек даңғылы бөлігіндегі ұзындығы 57,9 км сумен қамту желілерін реконструкциялау және канализация салу жұмыстары (су құбыры – 42,9 км, канализация– 15 км) аяқталып келеді. Бұл ретте қазылған барлық көшелер биылғы қараша айының соңына дейін тиісінше қалпына келтірілетін болады.

"Аудан тұрғындарын, атап айтқанда, Палладин – Павлодарская – Сельская – Боралдай көшелері мен Кемел шағынауданының тұрғындарын электр қуатымен үздіксіз қамтамасыз ету үшін 40 км ескірген желілерді реконструкциялау жұмыстары жүріп жатыр. Жұмыстар осы жылдың тамыз айында басталды. Қазірдің өзінде 800 тірек орнатылып, 15,8 км кабель тартылды. Палладин – Павлодарская – Сельская – Боралдай көшелеріндегі жұмыстаросы жылдың соңына дейін, Кемел шағынауданындағы жұмыстар 2023 жылдың сәуір айында аяқталады", - деп мәлімдеді мегаполис басшысы.

Оның айтуынша, бұл  4 000-нан астам абонентті үздіксіз электрмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Осы жылдың соңына дейін Жетісу ауданындағы 6 көшеде жарық жүйесін жаңарту жұмыстары жүргізілетін болады.

Бірінші кезектегі жартылай жарық жүргізілмеген көшелерді жарықтандыру мақсатында осы жылдың соңына дейін Жетісу ауданындағы 76 көшеге сыртқы жарықтандыру желісін жүргізу жұмыстары аяқталады.

 

 

 

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket