"Шықсақ, шығайық, Жигули мырза!": Тайжан Дайрабаевқа жауап берді

8398
Adyrna.kz Telegram

Саясаткер Мұхтар Тайжан президенттікке үміткер Жигули Дайрабаевтың мәлімдемесіне жауап берді, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

"Президент лауазына түсіп жатқан үміткер Жигули Дайрабаев мырза маған қатты ренжіп үндеу жариялапты. Намыс, ұят туралы сөз қозғап маған "шық" деп шақырып жатыр екен. Шықсақ шығайық, Жигули мырза. Кез келген телеарна болсын, ютубарна болсын мен сізбен тікелей эфирде ашық пікірталасқа дайынмын. Кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс - төреші халықтың өзі болсын", - деп жазды Мұхтар Тайжан өзінің фейсбук парақшасында. 

Естеріңізге сала кетейік, күні кеше президенттікке үміткер Жигули Дайрабаев экономист Мұхтар Тайжанға видео жолдап:  “Мұхтар айналайын-ай, сенде ұят бар ма? Сен мені аға деп жүрген адамсың ғой. Енді сен менің Президенттікке кандидатқа түскеніме ішің жарылып бара жатыр ма? Пысық болсаң, ақылды болсаң, өзің нәғып түспедің? Елдің бәрін бұзып, іріткі салдың. Сенің жүрген жеріңе шөп шыға ма? Сенің менде нең бар? Адамгершілік болу керек қой. Мұхтар Тайжан бір жерді оңдырып кетті дегенді естімеппін. Сен Назарбаевтың ақ үйінде де жұмыс істедің ғой. Былтыр жер мәселесі бойынша республикалық комиссияға өзің кірдің сұранып. Ол комиссияда сен меннен ұтылдың. Намысың бар болса, нең бар? Қайта қуанбайсың ба? Қарапайым ауылдан шыққан азамат президенттікке таласып жатқанына… Ауыз менікі деп оттай бересің бе? Демократия деген оттау ма? Сұрағың болса кел өзіме!”,- деп ашуланған еді.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер