Атырау облыстық мәслихат депутатының ту жамылған тұлпарда отырған фотосы сынға қалды

5215
Adyrna.kz Telegram

Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихатының депутаты Бержан Кенжебаевтың 63 жасқа толуына орай жерлестері түрлі құрмет көрсеткен. Соның бірі - атқа туды жабын ретінде жауып, тарту етуі әлеуметтік желіде қызу пікірталас тудырды. Бұл туралы Facebook желісінде Ержан Төлек есімді азамат жазба қалдырған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Мынаған не дейсіздер енді. Бұл туға оранған тұлпар. Біреуге құрмет көрсетемін деп асыра сілтейтіндер де бар»,- делінген жазбада.

Бұл шуға аудандық әкімдік те жауап берді.

«Құрманғазы ауданы Еңбекші ауылдық округінде ауданға белгілі азаматқа көрсетілген құрмет жеке адамдар және қоғамдық ұйым-ардагерлер кеңесі тарпынан болғанын ескере отырып, тарту еткен атқа жабылған Ту элементтері белгіленген жабынды арнайы зоодукендерден алынғанын қаперіңізге береміз», - деген ақпарат берген.

Пікірлер