Home » Дәстүр мен дін » Адал сөздің ғұмыры ұзақ

Адал сөздің ғұмыры ұзақ

Қазақ елі қаншама “ақтабанды” басынан кешірген, көп әдет-ғұрыптарынан, мінезінен айырылғаны, соның ішінде еркіндігінен, тәуелсіздігінен. 1991 жылдан бастап елдігімізге ұмтылған жас Қазақстанның алдында ұлттық құндылықтарды қалпына келтіру басты назарда болды.Ұлттық құндылықтарымызда нақтылап алмай “Ел болам деу” бос қиял емес пе? Бір мемлекетте бірнеше тіл өмір сүргенмен, бірнеше ұлт бірдей дінді ұстай алмайтыны түсінікті. Жаңа мемлекет демократия, экономиялық-әлеументтік жетістік, ішкі татулық жағдайында орыстекті, немістекті, украинтекті, татартекті  қазақстандықтардың жаңа ұрпағы өсіп – жетілді. Қазақстан өз тәуелсіздігін бейбіт жолмен алса, абыройлы мемлекет құруды да “саналы” жолмен жүзеге асыра алады. Түркілік пен исламға негізделген мемлекет құру бабаларымыздың арманы, сондықтан алдымен қазақтығымызды қалпына келтіруіміз қажет.

Алдымен ең тиімдісі көршілік қарым-қатынастарды нығайту арқылы исламға деген көз-қарасымызды нақтылап алуымыз қажет. “Аллаға шүкір”- деп сыртқа емес іштей атып жүрген аналарымызды, ас қайыра алмай жүрген аталарымызды көзбен көріп өскен ұрпақтарыңыздың бірімін. Діни мұраттарымыз қайта жанданып,оның сыртқы атрибуттары қалпына келтірілді.Ауылымызда ескі мешіттер қалпына келтірілді, жаңадан салына бастады, саны көбейді.Жастарымыз имандылық сауаттылықтарын жетілдірді.   Сөйтіп, ұзақ ұақытқа созылған үзілістен кейін,”Алланы” ауызға алдық. Ислам діні Қазақстанға 8-ғасырдан бастап ене бастағанмен, исламдану процесі 15-16-ғасырларға дейін созылды, ал іс-жүзінде 18-19 ғасырларда татар-ноғай және орта азия миссионерлер арқылы күшейтілді.Алайда қазақ мұсылмандығы ұлттық идея шеңберінде қалмай басқа қазақтарды біріктіретін “жаңа идея” керек.Ол идея – қазақтың мемлекеттік идеясын ұлттық шеңберден жоғары өркениеттік дәрежеге шығару деген сөз. Тәуелсіз елімізде өмір сүріп жатқан қарапайым халық үшін ұлттық идея немесе ұлттық құндылығымыз – ислам,түркі және қазақ тілі. Қазақ дін арқылы өзін мұсылман әлеміне,тіл арқылы түркі әлеміне қосады. Көшпелі тұрмыс, шаманизм сарқынақтары, басқа діндермен шектесіп жатуы өз ықпалын тигізбей қоймады. Ислам елдерінің (Түркия,Кувейт,Малазия,Египет т.б) жетістіктері қазақтар үшін жақсы бағдар бола алды, дегенмен Қазақ елі дамудың өз жолын таңдады,ол Дала дәстүрі мен философиясын жаңаға бейімдеуге, жаңамен ұштастыруға бағытталған еді.

Еліміздің халқы тұрақтанды, яғни кететіндері кетіп, келетіндері келіп болған еді.  Қазақтар өз мемлекетінің сенімдері мен исламының синтезі көршілердің мұсылмандығынан да ерекшелеу болды.  Өзіме келетін болсам, намазға жығылу, дұға оқуды мен,  өмірден шаршаған немесе басына қиындық түскен адамдар пайдаланады деп жүргенмін. Үйіміздің қасында 1996 жылы ашылған мешітте бар,оған барушылар да көбейіп келеді.Басында оларға да күдіктене қараған болатынбыз.Уақытын босына мешітке өткізіп жүр, басқа дінмен айналысып ақша тауып жүр деген ойда да болғанымыз рас. Басыңа іс түскенде біледі екенсің…

…Қызымды ұзатып жиенді болдық. Қызым ауырлау босанып, жиенімізді уайымдап ауылдағы емші жақын жеңгеме барып “қызымды,оны дүниеге әкелген жиенімді уайымдап, өзімді қоярға жер таба алмай жүрмін,не істеймін?” дегенмін. Ол сен адамнан емес Алладан сұра деді. Сол бойда жұмысқа келіп, таң намазын оқып жүрген жұмыстасымнан барлық айтылуымен жазылған таң намазымен,оқылатын сурені алып, жолдасымнан рұқсат алып оқи бастадым.

Сенің ойыңды жүйелейді, тынымсыздықтан құтқара бастады,өзімде имандылыққа аяқ баса бастадым.

Барлық сүрелер шүкіршілікке, қанағатшылыққа, қайырымдылыққа жол бастайды. Менің мінезімде соған қарай бақытталғандықтан, тумаластар арасында, жұмыстастар арасында, жалпы көпшілік арасында да адамдарға жақсы көзбен қарай бастағанымды байқадым.

Иа, шүкіршіліктің өзі маған қуат беріп тұрады. Отбасым аман, жолдасым аман, балаларым да, жиенімде аман сау өсіп келеді.

Оның барлығы менің таң намазыма жығылғанмның арқасы болар…

Өмірде артық ештеңе жоқ,артық сөз,артық тамақ,еңбексіз ақша саған жолдас болмайды.

Артық сөз айналып, өзіңнің басына келеді, артық дүние көп уақытыңды алады екен.

Барға қанағат етіп,отбасыңның бересіне барлық күш жігеріңді салғанда ғана барлық жерде сен бақытты боласың.

Сен бақытты отбасыңнан ізде,отбасыңдағы ізгілікті иманды болғанда ғана сезінесің.

Имандылық сенің жүрегің тынышталғанда ғана пайда болады. Жүрегіңнің тынышталғаны сенінің денсаулығыңның артқандағысы.Сондықтан сен кез-келген аурудың алдын алғың келсе алдымен жүрегіңді иманға толтыруың керек екен. Мен оны 48 жасымда ұқтым, кеш қала жаздаппын, оғанда шүкір етемін. Басқа діни ортада өскен атақты адамдардың неге ислам дінін қәдірлейтіні олардың жүргегі тек ислам дінін ұққанда ғана тынышталған болуы керек. Ислам дінінің өзінің ара – жіктерін ажырата білмей, басқа елге кеткендер туралы желіден естіп жүрміз. Оларды құдай аясын… Қазақ елінде ислам  дініне деген көзқарас ақырын-ақырын өз деңгейінде жақсы түсінік қалыптасып келе жатыр. Иманды кәсіпкерлер көбейіп қайырымды болып, ауылдастарына демеушілк көрсету жолға қойыла бастады. Жалған дүниенің уақытша деп түсінген әрбір қазақ дінін де,тілін де жоғалпақ емес. Мен қызмет атқарып жүрген Манғыстау ауданы Шетпе деген ауылда Серікбол Қондыбай музейінің өзі рухани құндылықтарға толы.

Серікболша : “Біз мынау жалған дүниені тек символдар арқылы қана кескіндей аламыз,өйткені шексіз ғаламның кескінін де, қандай материалдан және қандай жолмен пайда болғанында, Жаратушы иенің оны қалай жасағанын шын мәнінде көре, біле алмаймыз. Сондықтан геометриялық символ нүетемен ,(кіндік немесе центр) родан шыққан сәуле “Нұр”. Нұр – Алла тағаланың жасампаздық қарекетіне пайдаланатын материал ғана. Алла тағаланың өзі емес,оның бұйрығының  немесе әмірінің келбеті. Көрілмес (непроявленость)-көзбен көруге болмайтын. Серікболдың сөзінің құдіреті осында. Көрінетін біздер, көрінбейтіндер рухтар. Рух дегеніміз-Алланың Нұры- Құдірет. Алғаш қазақ мифологиясының негізін салушы деген атуының өзі – оның еңбектерінде  ұлттық құндылықтарымызды баяғы ата бабаларымыздың наным -сенімдерінен алған. Ал, наным- сенімдеріміздің астарында біздің ислам діні жатыр”. Мен сөзімді сәулетші, ақын жерлес ағамыз сайын Назарбекұлының “Адал сөздің ғұмыры ұзақ” деп аяқтағым келеді.

Бердиева Рима Қанатбайқызы

 

Пікір жазу

Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

*

x

Check Also

Қазақтың киіз үйі және оны дайындау, жасау барысы!

Ғылым техниканың ұшқан құстай дамыған осынау дәуірде Қазаққа тән ерекшелігіміз, ұлттық құндылығымыз салт, санамыз барған ...