“Халықаралық бақылаушылардың бағасына ие болдым, бағдарламам үшін ұялмаймын” - Қарақат Әбден

2128
Adyrna.kz Telegram
Фото: qyzylqoga.kz
Фото: qyzylqoga.kz

Президенттік үміткер Қарақат Әбден Instagram парақшасына бағдарламасы үшін ұялмайтынын айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“Бағдарламам үшін ұялмаймын. Соңғы 10 күн ішінде, өздеріңіз байқап отырғандай, ел ішін аралап, қалың жұртшылықпен көзбе-көз кездесіп, ауызба-ауыз пікір алмасып жүрмін. Осы жүздесулер барысында назар аударғаным – халық қандай мәселенің басын қозғамасын, барлығы да менің сайлауалды бағдарламамда көрініс тапқан. Осы ойымды бүгін Орталық штабтың жұмыс барысымен таныса келген ТМД бақылаушылар миссиясының өкілдері Евгений Козяк пен Алла Харченкомен әңгіме барысында айттым.

Сайлау науқанын былай қоя тұрсақ, кез келген адам, ұлт, дін өкілі үшін, ол жер бетінің қай бөлігінде тұрса да, мәні мен маңызы басқаларынан әркез бірнеше саты жоғары болатын құндылықтар болады – бұл берекелі отбасы, салауатты ана, бақытты балалық шақ және әдемі қарттық кез.

Халықаралық бақылаушылар тарапынан сайлауалды бағдарламама да, саясаткер ретінде өзіме де ерекше деген баға берілді. Әрине, бұл мен үшін үлкен құрмет. Сонымен қатар халықаралық бақылаушылар бағдарламамның әр тармағы еліміздегі әлеуметтік ахуалды жақсартып, одан әрі жетілдіруге бағытталғанын, олай болса, әрбір қазақстандық үшін маңызды болып келетінін басып айтты”,- деп жазды ол.

Пікірлер