Мектептегі орын тапшылығы: Алмалы ауданында аталған мәселе қалай шешімін тауып жатыр?

2342
Adyrna.kz Telegram

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттің екі палатасының бірлескен отырысында Қазақстан халқына «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын жариялады, деп хабарлайды  «Адырна» тілшісі.

Онда ол басшысы жүз мыңнан астам жаңа IT-мамандарын даярлауды тапсырып, оқытушыларды даярлау үшін мемлекеттік бюджеттен 1,2 трлн теңге бөлінетінін айтты.

Сонымен қатар,   2025 жылға дейін елімізде 1 мың мектеп салуды алдағы міндет етіп қойды.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Орта білім беру жүйесіндегі түйткілді мәселенің бірі – мектептегі орын тапшылығы. Қазіргі уақытта тапшылық 225 мың орынды құрайды. Бұл мәселеге қатысты шаруаны бүгіннен бастап қолға алмасақ, онда 2025 жылға қарай мектептегі орын тапшылығы бір миллионға жетуі мүмкін. Бұған дейін 2025 жылдың соңына дейін ел бойынша 800 мектеп салуды тапсырсам, бүгін ол көрсеткішті 1 мыңға жеткізу міндетін қоямын», деді.

Мемлекет башысының бұл пәрмені Алматы қаласында қарқынды жүзеге асуда. Бұл туралы шаһар басшысы  Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесу барысын да айтып берді.

Алматы әкімі Ерболат Досеав  Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесу кезінде аймақтағы  орта білім беру саласында оқушы орындарының тапшылығын азайту және білім беру объектілерін жөндеу бойынша жоспарлы жұмыс қалай жүргізіліп жатыр деген сұраққа жауап беріп өтті.

Шаһар басшысының сөзіне сенсек, биылғы жылдың басында 2 мектептің (№34 және 144 гимназиялар) 850 орындық 2 қосымша құрылысы пайдалануға берілді.

Бірер күннен кейін, нақтыласақ, 10 қарашада Қабанбай батыр көшесінде 850 орындық «Prometheus school» жеке меншік мектебі ашылады. № 15 гимназияны сейсмикалық күшейте отырып, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, 2023 жылдың шілде айында пайдалануға беріледі.

«Келесі жылдың III-ші тоқсанының басында №136 және 58 мектептің ғимараттарын күрделі жөндеуден өткізіп,  сейсмикалық күшейту үшін жобалау-сметалық құжаттама  әзірленетін болады», – деді Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев.

Пікірлер