Қалдырған ізі - мәңгілік

5972
Adyrna.kz Telegram

Қаламгерлік қолтаңбасымен қаһармандықтың, айтқан батыл да өткір тұжырымдарымен алғырлықтың, көшбасшылық көрегендігімен (бас редактор, депутат ретінде) кемеңгерліктің үздік үлгісін көрсетіп, соңынан ерген ізбасарларын тәрбиелеп, сардар сөздің сара жолын салып кеткен Шерхан Мұртаза - шындықтың шежіресі. Шераға көзі тірі болса 90 жасқа толар еді.

....Шіркін, Шераға келіп, журфак студенттеріне бір рет шеберлік сағатын өткізсе, шындықты қалай айту керектігін біржола көкейлеріне түйіп алар еді-ау! Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінде ашылған Шерхан Мұртаза атындағы аудитория болашақ журналистер үшін өнеге өрісі, Шерхантану әлемі десе болғандай.

Заманауи техникамен жабдықталған дәрісхана қабырғалары Шерхан Мұртаза өмірінен сыр шертетін деректермен өрнектелген. "ӨНЕГЕЛІ ӨМІР -ӨШПЕС ІЗ" , "ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЙСАР ҚАЛАМГЕРІ" деген тақырыптардың өзі шәкірттердің рухын өсіретіні сөзсіз. Бұл ізгі шара - қазақ білімінің қара шаңырағындағы ұрпақ сабақтастығының ұлағаты.

Жидегүл ӘБДІЖӘДІЛҚЫЗЫ
Әл -Фараби атындағы ҚазҰУ
Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының доценті.

Пікірлер