Ентігімді басып алсам бола ма? - ақын жырын жатқа оқыған балалар қалың көпшілікті сүйсіндірді

4116
Adyrna.kz Telegram

Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылына жолы түскен жиһангер жас балалардың дарынына бас иді. Олар көше бойында ауыл қонағы Ернар Алмабекке сәлем беріп, тосыннан М. Мақатаев жырларын оқи жөнелген. Өлең өлкесі - Қарасаздың  "сен тұр, мен атайын" дейтін "ақылды тентектері" жайында "Адырна" ұлттық порталы жазды.

Өз туындысының беташарын видеоинженер Ернар Алмабек:

- Мұқағали Мақатаевтың ауылы Қарасаздамын. Бұл ауылдың балалары ақынның өлеңдерін жатқа біледі дейді. Соны тексеріп көрейік, - деп бастайды.

Жолшыбай ұшырасқан балалар ауыл қонағына "Ей, өмір", "Отан", "Шыда, шыда", "Үш бақытым", "Шеше, сен бақыттысың!" сынды ақын өлеңдерін нақышына келтіре оқып беріп, көңіл сүйсіндіреді.

Желі қолданушылары жаны жырға асық ауыл балаларына тілектестік танытып, жылы лебіз білдірді. Мұқағали мұрасына адалдық танытқан қазақтың келешегі жайында:

"Ентігімді басып алсам бола ма"-дейді алтын ұл. Қаланың баласы ентігудің не екенін де білмейді-ау", "Таза, тұнық керемет!", "Балалар ағып тұр", "Тіл-көзден аман болсын!"  деп жазды оқырмандар.
"Адырна" ұлттық порталы

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Приматывал это к коленями 3 ночи подряд и суставы не болят уже…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Пікірлер