Украиндық басылым Мәсімовтің ісіне қатысты тың мәліметтер жариялады

3893
Adyrna.kz Telegram
Фото: inform.kz
Фото: inform.kz

ҰҚК экс-басшысы Кәрім Мәсімовтің атышулы ісіне шетелдік журналистер қызығушылық танытуда.  21 қазан күні украиндық танымал интернет-басылым қазақстандықтарға әлі беймәлім болған істің жай-жапсарын ашқан мақала жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Мақала авторлары Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев әрдайым Мәсімовтің артында тұрғанын және “Қаңтар оқиғасына” Мәсімов тікелей қатысты екенін жазған.

“Қазақстандағы биылғы жылдың басты оқиғасы – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жергілікті арнайы қызметінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов ұйымдастырды деп айыпталған мемлекеттік төңкеріс әрекеті өзінің қисынды қорытындысына келе жатқандай.

Билік Мәсімов пен оның сыбайластары мемлекетке опасыздық жасағаны туралы істің сотқа түсуі туралы жаңалықтарды қызу талқылап жатыр.

Бұл істің құпиялығына қарамастан, ақпарат алаңында қаңтардағы төңкерістің негізгі және түпкілікті пайда алушысы зейнеткер Нұрсұлтан Назарбаев болғанын және сол болып қала беретінін, ал оның жақын серіктері бенефициарлар болып табылатынын көрсететін ақпарат бірте-бірте «ағылып» жатыр”,- деп жазды басылым.

Сондай-ақ, басылым Мәсімовтің тергеу изоляторында оның отбасы мүшелері мен жақын ортасының “Қаңтар оқиғасын” ұйымдастырудағы рөлі туралы айтқанын жариялады.

“Инсайдерлік ақпаратқа сәйкес, тергеу барысында Мәсімов билікті басып алу жоспарының егжей-тегжейлері мен әрқайсысының рөлі туралы куәлік берген.

Сонымен, процестің басты интригасы – Мәсімов пен оның сыбайластары. Бәлкім, жақын арада төңкеріс сценарийінің басқа да қатысушыларының есімдері белгілі болар… Мұның барлығы Назарбаевтың мүддесі мен көлеңкелі бақылауында. Бұл эпикалық оқиғаның кейіпкерлері Назарбаевтың ортаншы күйеу баласы Тимур Құлыбаев, оның қыздары Дариға мен Әлия Назарбаев, Парламент Мәжілісінің спикері Нұрлан Нығматуллин және оның отбасы, тағы да басқалары болуы мүмкін.

Ақпараттарға сәйкес, Мәсімов батыс истеблишментінің танымал өкілдерінің «таққа отыру» стратегиясын әзірлеуге миллиондаған доллар жұмсаған. Масондық із болған деген қауесет бар”,- деп жазды украиндық басылым.

Тіпті, бұл мақаланың жалғасы болатынын да жасырмады.

”Адырна” ұлттық порталы 

Пікірлер