Ұлттық құндылықтар – ұлт қазынасы

3359

Image result for қазақтың оюлары

 

Шіркін! Қазақ оюлары, қазақ тілі, қазақ халқы, қазақтың құндылықтары десе нағыз қазақша жырлағым кеп тұрады. Әрине қазақтың қара өлеңінен аса қатты хабарым болмаса да, бірақ әрине кейде денем рухтанып, қатты шабыттанып кетсем қара өлеңді қалай шығарғанымды өзім де білмей қаламын. Алайда шүкір, жазудан қалыс емеспін. Керек болса, еліме арнап, құндылықтарыма арнап бір том кітап жаза алмасам да, бір шығарма арнап жаза алатын күшім бар.

Image result for қазақтың оюлары

Менің қазақ оюларыма саф алтынның өзі де тең келмейдіғой. Ең алдымен, шүкір...  Өз еліміздің өзіне тән белгісі, нышаны бар. Әлем қазақ елін осы оюымен, оюлы домбырасымен және оюлы көк туымен таниды. Әрине, ең танымалдарынан бастауды жөн көрдім. Осылардың өзі – ақ қазақты әлемге танытып үлгерді. Мысалы, спортшыларымыз көк туымызбен әлемдік аренада шарықтамағанда, біздің сол көк туымызды бәлкім ешкім танымаста ма еді? Жастарымыз шетелде жүріп, домбыраны қолға алып шертпегенде, қара домбыраны бәлкім ешкім танымаста ма еді? Ұлтық мерекеміз Наурызымыз әлемдік деңгейде тойланбағанда, оюлы көйлектеріміз бен тақияларымыз киіліп, көше бойын қазақтың бұлбұл әндерімен аралап, сайрамағанда шетел жұрты ою былай тұрсын, қазақ деген ұлт барын білместе ме еді?
Тәуелсіздік заманы орнап, ұлт қорғаны – ұлттық құндылықтарымызда одан әрі нығая, таныла түсті. Әрине, бұның бәрінің негізін салып кеткен ата-бабаларымыз болса, ізін одан әрі жалғастырушы – мына біз жастар болуымыз керек деп есептеймін.
Иә, біз ұлт үшін күресіп жүріп, ұлттық құндылықтарымызды қазіргі бейбітшілік заманымызға дейін жоймай, сақтап, ұрпаққа мұра қылып қалдырып кеткен ата-бабаларымызға мың сан рет алғыс айтсақ та аз екені белгілі. Себебі ол кісілердің осындай ерлігін, еліне деген шексіз ұлтшылдығын ешкімде қайталай алмасы анық. Олардың сол ұлтшылдығының көріністері еліміздің ең басты құндылықтарының бірі – кітаптарымыздан белгілі.Ұлттық құндылықтарымыздың қатарына салт – дәстүрлерімізді, ана тілімізді, мәдениетімізді, әдебиетімізді, жырларымызды да топтастыруға болады.
Иә, басқа елдер секілді біздің де өз менталитетіміз бар. Мен байырғы заманғы қазақ халқын да, қазіргі заманғы қазақ халқында қарапайымдылығымен жақсы көремін. Және бағалмаймын. Адалдық пен ақкөңілділік және қонақжайлылық әсіресе қазақтың бойынан табуға болатын көріністер деп есептеймін. Себебі, Алматы деген үлкен шаһарда жүргеннен кейін де маған қазақтардың тең жартысы осы жақта жүргендей боп көрінеді. Және осы қаладағы қазақтардан көбіне қоғамда, қоғамдық көліктерде де байқайтыным да, күтетінім де – қарапайымдылық.
Мәселен, байқағаным бүгін қоғамдық көлікке бір үлкен әжей мінгелі тұр екен. Бір қолында – жол сөмкесі, бір қолында – қол сөмкесі. Асылында, қолындағы сөмкелері ауыр. Бірақ, сол арада әжейге көмектесетіндерде табыла кетті. Жасы 30 дар шамасындағы қыз  бен 10 дар шамасындағы қызбала екеуі, бірі жол сөмкесін ұстап, бірі әжейді қолтығынан демеп, қоғамдық көлікке отырғызды. Және онымен шектелмей, әжейге «Қай орындық ыңғайлы?», «Жақсысызба?» деп әженің қасында онымен танысып, әңгімеге жалғасты. Қалай қуанғанымды көрсеңізғой! Мейірімділік бар екенғо, Аллаға шүкір, деп өзіммен – өзім мәз болысып, жымиып отырмын. Міне, нағыз қазақ деген халықтың бейнесі осы емес пе, осындай қарапайымдылық пен мейірімділік емес пе деген ойлар келді.
Жалпы, бұл ғана емес, мен осындай көріністерді көп кездестіремін. Әсіресе, қоғамдық көлікпен көп жүретін болғандықтан шығар, көбіне байқайтыным, жастардың үлкендерге орын беріп, сыйластық танытуы.  Студенттер, мектеп оқушыларына дейін үлкен кісілерге орын беріп жатады. Осындайда қатты қуанамын.
Міне, қазақ қоғамында осындай керемет көріністер орын алуы да құнды дүние. Бұл – нағыз қазаққа сай менталитет деп атар едім.
Қазақтың қонақжайлылығын мойындамайтын ел жоқ шығар?!
Мен көз көрген қай қазақ болсын, құшағын жайып тұрады ғо, шіркін! Бұл да ата-бабамыздан сіңісіп кеткен ең көркем, нағыз бүкіл адамгершілікті қамтитын көрініс деп ойлаймын. Шетелдік достарым да қазақтың қонақжайлылығына әлі күнге дейін қызыға да қызғана қарайды.
Ұлттың құндылығымыздың ең маңыздысы, ең қазынасы – тіліміз деп айтсам артық айтпаған болар едім. Тілі жоқ халық, тілін құрметтемеген, білмеген халық – сақау халық. Бұл менің тіл турасындағы өте ащы ұстанымым.
Тіл дегенде ең алдымен, ел қорғаны, тілдің нағыз жанашыры, қазақтың біртуар азаматы Бауыржан атамыз бен бергі замандағы қазақ тілінің нағыз жанашыры, өзі өзге ұл өкілі болса да, қазақ тілі десе жанын беруге дайын тұратын қоғамның жанашыры Оғыз Доған ағамыз есіме түседі. Бауыржан атаның ана тілімен шырылдап, ана тілімен өмір сүріп, өзгеге талап етіп те сөйлеткен ең талапшыл адам болғанын құндылықтарымыз кітаптардан оқуға, көріп білуге болады. Одан берімен қарайғы Оғыз Доғанды да айтпай кептеуге болмас деп ойлаймын. Жер үстіндегі қазақ былай тұрсын, әуедегі қазаққа да өз ана тілінде сөйлеуді талап еткен, бірден-бір ел, тіл патриоты.
Иә, бірақ шүкір, қазіргі таңда қытайыңа дейін қазақ тілін үйреніп, өзінше талпынып жүргендігі де қуантады. Әлем халқының өзі қазақтың тілін үйреніп, игеріп те жүр. Әрине, бұл зор мақтаныш. Өз ұлтыңмен қоса, өзге ұлтың да жарысып, сенің тіліңді үйреніп жүрсе қатты қуанады екенсің.
Қазіргі таңда туған ана тіліміз даму қарқыны, өз дәрежесін жоғалтпай келе жатқандығының дәлелі – қазір көшемізде, жер – жерде қазақша қызмет -көрсететіндер табыла кететіндігі. Неге олай айттым? Иә, себебі бұдан 7-8 жыл бұрын бұндай заман болмап еді. Яғни, ол замандарда қоғамымызда ана тілімізден гөрі орыс тілімізде сөйлейтіндер де, қызмет көрсететіндерде қаптаған орыстар еді. Сол кезде қатты күйінетін едім. Бірақ қазір, шүкір. Барлық жерде үш тілде қалыспай қызмет көрсетіліп келе жатыр.
Ең бастысы, тіліміздің болашағына деген сеніміміз күшейіп келе жатыр. Туған тіліміз – ең басты құндылығымыз деп есептейтінім де осыдан шығар бәлкім?
Қазақ халқы ертеден мәдениеті мен әдебиетін жоғалтпаған, сақтаған, дәріптеген халықпыз. Тіпті бұны шетел ғалымдары мен зерттеушілері де мойындап кеткен.
Шіркін, қазақ деген ертеден сондай ырымшыл, мәдениетті, салт- дәстүрге берік, бауырына бауырын беріп, қызын қонағындай сыйлаған, тарихын сатпаған, бүгініне шүкір етіп, ертеңіне үмітпен қараған, қонағын төрге шығарып, сол қонағына құшағын кеңге жайған – сондай ұлы халық қой!
Қарап отырсаң, нағыз ұлттың белгісі емес пе!?
Ұлтшылдық пен ұлылылық та бар біздің елде...
Нағыз ұлылар кесіп өткен дархан дала да бар біздің елде...
Нағыз ұлтшылдар  жүріп өткен ұлы қалалар да бар бізде...
Небір шешендер мен көсемдер қалдырып кеткен өнегелі өсиеттер де
бар бізде...
Сондай шешендердің арқасында да еліміз осындай еңсесі биік алтын ордаға
айналды емес пе!?
Өнер десе ішкен асын жерге қоймайтын қазақ жоқ шығар, сірә?
Елімізде әу демейтін қазақ жоқ, домбыраны қолға алмайтын да қазақ жоқ, мыңбұралып билейтін кербез қыз бен ел қазынасы – атқа жаны жақын емес жігіт те де жоқ, шығар? Иә, бұның бәрі сайып келгенде өнерге кіреді. Сонда көрдіңізбе, қазақтың өнер саласы да осал емес.
Өнермен атағы шыққан қаншама даңқтылар да жетеді бізде...
Қазақтың өнер саласы өзінің деңгейін сонау ғасырларда дәлелдеп тастаған. Әміре атамыз Париж бен Германияны аралап, әнін шырқап, қазақтың асқақ өнерін әлемге паш етіп, әлемдік өнерде де, қазақ өнерінде  де өз орнын ойып тұрып алатын тұлғаға айналды. Сондай өнер майталмандарының арқасында қазақ өнері еш өлген емес, әлі жасап келе жатыр.  Содан бері ғасыр өтсе де, қазақ өнерінің жалауы әлі де желбіреп, мықтылар өнерімізді дәлелдеп келе жатыр. Ешқашан жеңіліп, тоқтаған емес. Қазір де елімізді қаншама дарындылар қаптап жүр. Димаш Құдайбергеновтің мықтылығын бұл жерге сыйғыза алмасам да, әлем оны жарыса жазып, әлемге сыйғызып жіберген. Елімізде талантымен танылып, мойындалып жүрген жастарымыз  да жетеді.
Міне, қазақ өнері өлген жоқ. Өнер атты құндылығымыз әлі жасап тұр, жалындап тұр. Ех, қазақтың құндылығы бітпес, сірә!? Бітпесін...
Бұрында да бітпеді, жойылмады. Демек бүгінде бітпеді, бітпейді және жойылмайды.
Дәмі өте бөлек, құндылығымыз жылқыдан бөлінетін қазақтың қазынасы – қазысы мен дастарханына еш алыстамаған бауырсағын, қазақ әйелдері тамсандырып дайындап, қонағына асқан сүйіспеншілікпен ұсынатын қазақтың бешбармағын, ерекше, алтын қолдарымен дайындап, оны бала дейсізбе, үлкен дейсіз бе, көрші дейсізбе бәріне ұсына салатын – қатты әрі тәтті құрты, отбасының таңғы асына таңмен дайындайтын қаймағы мен күні бойы пісіріп, түні бойы отбасына тарататын қазақтың қара көжесін айтпай кетпеуге болмас. Қазақ шетелге ыстық әрі дәмді бауырсағымен кеңінен танымал. Шетелдіктер дәмі былай тұрсын, атында айтып үйреніп алған, дәмін көрмесе де Қазақстанда барғанда міндетті түрде жеймін деп армандап жүрген бауырсақтың дәмі бөлек емес пе!? Тіпті бауырсақты өзінше дайындап, сүйсініп жемейтін елде қалмаған шығар, бәлкім?
Әлемдік асханалар арасында да дараланып тұратын нағыз қазақша халал тағамдарды да қазақ елінен, яғни біздің елден табуға болады.
Мен жиі баратын қазақтың киелі шаңырақтары –  ұлттық кітапханасы, ұлттық театры, ұлттық мұражайларын да осы құндылықтар арасына еш ойланбастан қосар едім. Бұл үшеуі бір-біріне біте қайнасқан, қазақ елінің ең басты – қазыналары. Бұл үш қазына болмаса, қазақ көзсоқыр, сауатсыз да боп жүрер ме еді? Өткен ғасырдағы ұлы жауһарларымыз секілді қазіргі қазақ жастары да ұлттық кітапхана, ұлттық театр, ұлттық мұражай деген киелі жерлердің айналасында көп жүріп, соларды көп көріп, көп оқып жүрсе, бәлкім, болашақта сол жастарымыз да Мұхтардың Абайға арнап жазған том-том кітабы секілді, сол жастар да болашақта бір-біріне арнап дәл солай том – том кітап жазып жүрер еді. Онда демек, құндылықтарымыз да одан әрі асқақтай түсері сөзсіз.
Абай демекші, қазақтың қара өлеңдерін жырлайтын болсам... Жоқ, кітап жазу керек шығар. Мүмкін, жазармыз... Олар да өскелең ұрпаққа арнап асыл қазыналар жаздығой!
Ұлт қорғаны бола алатын ұлттық құндылықтар деп мен Абайдың қарасөздерін, ұлт зиялыларының шығармаларын, қазақ елін жырға қосқан  сан түрлі жырауларымыздың жырларын, соғыс жылдарындағы батырларымыздың қанмен жазылған өлеңдерін, жазушыларымыздың қазақ қоғамының өмірін суреттей білген қисынды романдарын, әуезді ақындарымыздың әуелі қара өлеңдерін, күмбез күйшілердің күйлерін де атай алар едім. Себебі, бұл жоғарыдағы әр тұлғаның туындылары болмағанда, шыққан тегіміз бен руымызды, тіпті тарихымыздың қайдан шыққанын білмей отыратын едік. Бес ғасыр жырлайтын сол туындылардың да өскелең ұрпақтың қолына жетіп, солармен танысуының өзі де сол ата-бабаларымыздың арманының орындалғандығының бір белгісі деп білемін.Сол ұлттық құндылықтарымыздың қазіргі қоғам жастарына беретін тәрбиесі тек қазақылық, ұлтшылдық деп ойлаймын. Біз  қазақ деген ұлылардың ұрпағы болғаннан кейін де ұлттық құндылықтарымызды ата-бабаларымыз көзінің қарашығындай сақтағанындай бізде одан әрі сақтап, тек биікте ұстауымыз керек. Тек қазақшылықпен өмір сүріп, сырттан келген қандай да болсын ағымдарға, сырттан келген қандай да болсын сәндерге еріп кетпей, өз қазақилығымыз бойынша өмір сүрсек бұл да құндылығымызды сақтағанымыздың және өз құндылығымызды жоғалтпауымыздың бірден-бір ең әдемі көрінісі деп санаймын.
Құдайға шүкір, қазір еңсесі биік ордаға айналдық. Өз заңы бар, өз тәуелсіздігі бар, өз тілі бар, өз басшысы бар, өз бағыты, мақсаты бар елге айналдық. Бостандық та бар. Бабалар аңсап кеткен бостандық та орнады.
Абылайхан дәуірінде ел боламыз деп хандық құрылып, батырларымыз қазақ деген ұланғайыр жерді сақтаймыз деп қанын беріп, Әлихан атамыз қазақ деген мемлекет боламыз деп жанын берген сол кісілер армандап кеткен қазақ елі құрылды. Дамыды. Дамып та келе жатыр. Өркендеп, одан әрі жайнай да түсуде.
Сайып келгенде, ХХІ ғасыр – жастардың ғасыры демекші, сол жастар да елдің құндылықтары үшін еңбек етуі керек. Рухани жаңғырып, Мәңгілік ел болу үшін құндылықтарымызды мәңгілік сақтап, өзімізден кейінгі ұрпақтарға мәңгілікке табыс етуіміз керек. Себебі ұлттық құндылықтар – ұлттың қазынасы.

Image result for қазақтың оюлары

 

Шәріп Айшабибі Мұратқызы

Пікірлер