Заңгер: Рақымшылық - мемлекеттің азаматтарға жанашырлығының көрінісі

973

Мұндай пікірді Заңнама және құқықтық ақпарат институтының бас ғылыми кеңесшісі, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры Ермек Әбдірасұлов айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

- Бұл шешімді дұрыс деп есептеймін. Мұндай шараның керек екенін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы Жолдауында айтқан еді. Соның нәтижесінде бүгінгі таңда Парламент қажетті заң жобасын қабылдады. Рақымшылық туралы заң жобасын әзірлеуге белгілі заңгерлер мен сарапшылар атсалысты. Ең алдымен мұны гуманизм актісі десек болады. Көптеген мемлекетте осындай рақымшылық жасау заң аясында жиі қолданылады, - деді Ермек Әбдірасұлов.

Сонымен қатар, сарапшы заңның нақты кімдерге қолданылатынын түсіндірді.

- Қаңтар оқиғасы кезінде, нақтырақ айтсақ, 4-7 қаңтар аралығында қылмыстық теріс қылықтар жасаған азаматтар, сонымен бірге ауырлығы аз және орташа қылмыстар заңды соттылықтан алып тастай отырып, жазадан толық босатуды көздейді. Рақымшылық билікті асыра пайдаланған, оқиғаны ұйымдастырған, террористерге және экстермистерге, адамды азаптағандарға жасалмайды, - деді профессор Әбдірасұлов.

Сарапшының айтуынша, бұл іске қатысы бар 1600 жуық адам анықталған, қазіргі таңда 1500 азамат рақымшылыққа ілінген.

- Рақымшылық институты дегеніміз – құқықтық мемлекетте гуманизм принципін жүзеге асыратын ұйым. Бұл институт мемлекеттің азаматтарымызға жанаршырлығының көрінісі деп санаймын. Бұл Әділетті Қазақстанды құру жолында өзекті шаралардың бірі деп санаймын, - деді заңгер.

Еске сала кетейік, Парламент қаңтар оқиғасына қатысушыларға рақымшылық жасау туралы заңды қабылдаған еді.

Сенаттың жауапты комитетінің қорытындысында көрсетілгендей, Заң жобасына депутаттар бастамашылық жасады және ол Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауы шеңберіндегі тапсырмаларды орындау үшін әзірленді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket