Журналистер құрамасы Грузияда чемпион атанды

2229

Грузия астанасы Тбилиси қаласында Котэ Махарадзені еске алуға арналған шағын футболдан турнир өтті. Аталған халықаралық жарысқа Қазақстан атынан журналистерден құралған екі команда қатысты. Бірі Астананың, енді бірі Алматының намысын қорғады.

А тобында Нұрсұлтан Құрман бастаған Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетіп, өз тобынан бірінші орынмен шықты. Артынша плей-офф кезеңінде де сүрінбей финалға бірақ шақты. Шешуші матчта ойын соңындағы пенальтиден Грузия құрамасынан басым түсіп, чемпион атанды.

Б тобында ойнаған Қазақстанның екінші құрамасы топтан шыға алмады.

Жарыс қорытындысы бойынша үздік қақпашы марапатын журналист Айбек Қабылша жеңіп алды. Ал турнирдің үздік ойыншысы болып қазақстандық Сергей Надточей танылды. Үздік шабуылшы номинациясы Назар Найзабекке бұйырды.

Марапаттау барысында Қазақстан тарапы жарыста үздік өнер көрсеткен Әзербайжан құрамасының ойыншысына Амангелді Сейтхан атындағы арнайы марапатты табыстады.

Алдағы уақытта дәл осындай халықаралық турнир Қазақстанда өтеді деп жоспарланған.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket