Алматының Наурызбай ауданында қос емхана салынады

2832
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда: «Еліміздің басты құндылығы – адам. Бұл – айқын нәрсе.  Сондықтан, ұлттық байлықты тең бөлу және баршаға бірдей мүмкіндік беру – реформаның басты мақсаты. Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды»,-деп айтқан болатын. Президенттің бұл мәлімдемесі өңірлердегі медицинаның жайын жақсартуға өздіндік ықпалын беруде, бұл қатарда Алматы қаласы да бар, деп хабарлады «Адырна» порталы.

Қала әкімдігі 2 жаңа емхана және 1 отбасы-дәрігерлік амбулатория салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданы тұрғындарымен кездесуінде мәлімдемесі.

"Ауданда, әсіресе жоғарғы бөлігінде емханалардың жетіспеу мәселесі өзекті болып тұр. Аудан халқының жыл сайын 10-12 мың адамға өсетінін ескере отырып, қала әкімдігі 2 жаңа емхана және 1 отбасы-дәрігерлік амбулатория салуды жоспарлап отыр", - деді мегаполис басшысы.

Бүгінгі күні Құрамыс шағынауданында 500 келушіге арналған емхананың жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленді. 2023 жылдың қаңтарында мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алу, 2023 жылдың II-тоқсанында құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау жоспарланған.

Шұғыла шағынауданында 500 келушіге арналған жаңа емхана салу үшін жер учаскесін ресімдеу және жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге конкурс жариялау үшін құжаттама дайындалып жатыр.

"Сондай-ақ, осы жылдың соңына дейін Ақжар шағынауданында 200 келушіге арналған 1 дәрігерлік амбулаторияның жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу аяқталады, қазіргі уақытта ол мемлекеттік сараптаманың қарауында. Құрылысты мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алып, конкурстық процедураларды өткізгеннен кейін 2023 жылдың II-тоқсанында бастау жоспарланған", - деп мәлімдеді әкім.

 

Пікірлер