Қазақты қараламақ болған өзге ұлт өкілінің атына арыз жолданады

2798
Adyrna.kz Telegram
Қоғамда қазақ тілінде қарым-қатынас құрып, қазақша тіл қатқаны үзін жазықты болғандардың саны артты. Қазақты "мәдениетсіз" деп қаралайтындар көбейді.  Анна Семенюк есімді фейсбук қолданушысы қазақты мәдениетсіз деп танып, Рамиль Мухояпов ұстанымын қолдайтындығын байқатты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 
Тұтас бір ұлтты қараламақ болған желі қолданушысының пікірін журналист, азаматтық белсенді Айбар Олжаев айыптап, автордың заң шеңберінде жазалануы тиіс екендігін жеткізді. Заңдық негізде ақылға қонымды әрі қисынды пікірін журналист төмендегідей жеткізді:
"Безкультурье некоторых казахов... 174 бап көбейіп кетті (ҚР Қылмыстық Кодексін ашып қараңыз) және бұған тек Қазақстан Республикасының колданыстағы заңнамасы ракурсынан қараудың өзі жеткілікті. Мен орыс тілін ғылыми/лингвистикалық деңгейде меңгерген адам ретінде, 174 бап тарапынан өте қызық постқа тап болдым. Пост ішінде "безкультурье некоторых казахов" деген термин/анықтама/идея бар. Оны прокуратураға алдағы жұмыс күні жіберемін. Бәрін прокурорлар/полицейлер шешеді. Біз ол шешімді қабылдаймыз. Яғни, мемлекет қабылдаған вердиктке мойын ұсынамыз. Заң бәріне бірдей. Турасын айтқанда, қазақ халқына бөлек жазылған заң жоқ. Заң ортақ - Қазақстан азаматтарына. Осы орайда, Тик-Токта орыс ұлтын цензурасыз сөзбен қазақша боқтаған видео көріп қалдым және оның күмәнсіз 174-бап екеніне еш әңгіме жоқ. Ауызға ие болу керек. Оның авторын да тауып жауапқа тарту қажет. Біздің Заң бойынша кез-келген адамға/топқа ұлтына, нәсіліне, дініне, жынысына тиісті тіл тигізуге болмайды".
Қазақстан Республикасы заңнамасының негізінде жалаң жазба авторын жазалауды көздеген қауым атынан Айбар Олжаев:
"Ал мына постқа заңдық жағынан аргументі бар жауап бердім, скриндедім және алдағы сәрсенбі күні сағат 9-45те (органайзер ұмыттырмайды) Алматы қаласы Прокуратурасына арыз жолдаймын" - деді.
Анна Семенюктің қазақша сөйлеп, айналасынан теңқұқылықты талап еткен "мәдениетсіз" қазақтарға қатысты жазбасына қатысты қалың көпшілік:
"Айбар аға, көп қазақтың көзін аштыңыз. Мен бұрын ойлаушы едім, сотқа беру үшін адвокат керек, уақыт керек деп. Дәл осылай прокуратураға арызды онлайн түсіруді білмеппін. Негізі көбісі білмейді. Соны білмеген соң да бәрі басынады. Жалпы тарсылдатып оншақтысына ( кафе, жеке тұлға, компания) аямай айыппұл салса, жаппай қазақша оқып, үйреніп, құсықтарына ие болады. Дәл қазіргі сәтте бұдан артық жол көрген жоқпын. Концерт, кештер ұйымдасырғаннан түк пайда жоқ", "Орыстар 70 жыл бойы Қазақстанда тұрса да, өздерін жоғары санап, қазақ ұлтын төмендетіп келді, әлі де сол әрекеттен арылған жоқ. Бұған тоқтау болу керек", "Бəрін айтта бірін айт ай-ти мамандарын жинап,  бүкіл қосымшаны, ютубты,  барлық əлеуметтік желіні, каспи қосымшасын қазақ тіліне көшіру керек, сол кезде үйренеді", "Осындай болмау үшін әр қазақ өзінен және өзінің жан-ұяныздан бастау керек. Қажетті не, сіз қазақша сөйлеп тұрғанда бала-немерелерінің орысша сөйлесіп отырса... Сондықтан барлығын отбасыңыздан бастаңыз!" деп жазып жатыр.
"Адырна" ұлттық порталы 
Пікірлер