Қазақстан экономикаға 300 мың доллар инвестиция құйған шетелдіктерге 10 жылдық виза бермек

1185
Фото: Yvision
Фото: Yvision

Қазақстан үкіметі ел экономикасына 300 мың доллар инвестиция салған шетелдіктерге тұруға рұқсат беруді жоспарлап отыр. Бұл жөнінде Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“Қазіргі кезеңде Қазақстан экономикасына 300 мың доллардан астам инвестиция салған шетелдік бизнесмендерге тұруға рұқсат алу құқығымен 10 жылға виза алу мүмкіндігін беруге бағытталған заң жобасын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде”, - деді Жұманғарин "Ақ жол" фракциясының депутаттық сауалына жауап беріп.

Жұманғарин жалпы үкімет Қазақстандағы инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.

“Резидент емес және Қазақстан аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар 5-тен 3 жұмыс күніне дейін бейрезидент инвесторлар үшін инвесторлық визаны алу рәсімін жеңілдету мақсатында Инвестициялар және даму министрінің бұйрығына инвесторлық визаны рәсімдеу мерзімін реттеу және қысқарту бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілді”, - деді министр.

Айта кетейік, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке Ресейден кеткен шетелдік компанияларды Қазақстанға орналастыруға жағдай жасауды тапсырған.

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket