Кандидат Жигули Дайрабаевтың республикалық штабының ресми ашылуы өтті

2492
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Астанада Қазақстан Республикасының Президенттігіне «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан кандидат Жигули Дайрабаевтың республикалық штабының ресми ашылуы өтті.

Кандидаттың республикалық штабының басшысы Төлеутай Рахымбеков штаб жұмысын аша отырып, құттықтау сөз сөйледі. Ол кандидатты таныстырып, сайлау науқанын өткізу жоспарлары туралы айтты.

«Үгіт-насихат жұмыстарымен Қазақстанның барлық елді-мекенін,  атап айтқанда 88 қаланы, 30 кентті, барлық 20 өңірде орналасқан 6 000-нан астам ауылдық елді мекенді қамтуды жоспарлап отырмыз. Біздің кандидат пен сенімді тұлғалардың сапарлары «Есіктен есікке» форматында өтеді. Барлық іс-шара уақытында өткізіледі. «Ауыл» партиясынан кандидат Жигули Дайрабаевтың бағдарламасы мен ұсыныстары өз жақтастарын табады деп үміттенеміз», – деп атап өтті Төлеутай Рахымбеков.

Оның айтуынша, кандидатты қолдау жөніндегі штабтар республикалық маңызы бар үш қаланы қоса алғанда, еліміздің барлық 20 өңірінде бар. Сондай-ақ, барлық 164 ауданда және 37 облыстық деңгейдегі қалада 222 штаб ұйымдастырылды. Барлық қоғамдық штаб үгіт-насихат жұмыстарына қажетті затпен толық қамтамасыз етілген.

Өз сөзінде Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев партия мүшелеріне сенім білдіргені үшін алғыс айтып, іс-шараға қатысушыларды өзінің сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

«Менің сайлауалды бағдарламам біздің басты ұлттық артықшылықтарымыз – дала демократиясы қағидаттарын; жоғары рухани-адами мәдениетті; күшті аграрлық саланы және мықты өңірлерді барынша іске асыруға негізделген жаңа Қазақстанды құруға бағытталған. Ата – баба мұрасын қастерлеп құрметтейтін және ұлттың болашағы үшін шын пейілмен алаңдайтын әрбір қазақстандық менің бастамаларымды қолдайтынына және Қазақстан Республикасын одан әрі дамыту жөніндегі ортақ істің қозғаушы күшіне айналатынына сенімдімін», – деді кандидат Жигули Дайрабаев.

Сонымен қатар іс-шарада кандидаттың жақтастары, фермерлер мен партияның жастар қанатының белсенділері сөз сөйлеп, қолдау білдірді.

«Ауыл» ХДПП Баспасөз қызметі
8 701 055 25 52 auyl_pressa@mail.ru

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер