“Кешірім сұраған видеоларынан шынайылықты көрмедім”: Белсенді Chocolife компаниясының директорын жауапқа тартуды талап етті

2982
Adyrna.kz Telegram

Белсенді Камилла Еңсегенова Chocofamily кеңсесінің алдына “Қазақстанда орысша сөйлеуге міндетті емеспін” деген плакатпен келіп, компания басшысы Рамиль Мухоряповты жауапқа тартуды талап етті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ол компания басшысы кешірім сұрап жариялаған видеосынан шынайылықты көрмегенін, сол себептен осындай ереуілге шығып отырғанын түсіндірді. Мухоряповтың қазақ тілділерді мәдениетсіз деп, кейбір қазақстандықтардың орыс тілін жақсы білмегендіктен, оларға қазақша жауап беру оңайырақ деп айтқанына ашу білдірді.

“Chocofamily басшысын ұлтаралық араздықты қоздырғаны үшін жауапқа тарту керек. Компанияның да, басшысының да кешірім сұраған видеоларынан шынайылықты көрмедім. Компанияның өзінде мүлде қазақ тіліндегі контент жоқ. Тек мереке күндері мемлекеттік тілде үндеу шығармау керек. Біз бұл жайды бұлай қалдырмай сотқа бере аламыз. Қазақ тіліне толығымен көшу керек, өйткені тұтынушылар мен олардың заңы да бар”, –  деді Камилла Еңсегенова.

Еске сплайнық, ресейліктермен кездесуде шетелдіктерге қазақ тілінде жауап беру “мәдениеттің көрінісі емес” екенін айтқан Chocolife компаниясының директоры Рамиль Мухоряпов қазақстандықтардан кешірім сұраған болтын.

Пікірлер