Президент Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевқа инфрақұрылымды жаңарту жөнінде тапсырма берді

838

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қалаының әкімі Ерболат Досаевті қабылдады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Мемлекет басшысына Алматы қаласының биылғы тоғыз айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын ала қорытындысы туралы есеп берілді.

Қала әкімі Президентке экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларының орындалуы жөнінде баяндады.

Есеп беріліп отырған кезеңде шаһардағы  қысқамерзімді экономикалық индикатор 105 пайызға жеткен. ­Өңдеуші өнеркәсіп – өсімнің негізгі драйверіне айналған. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 22,1 пайызға артқан жайы бар.

"Алматы жеке инвестициялар көлемі жөнінен 22,4 пайыз көрсеткішпен  өңірлер арасында бірінші орында. Қалада іскерлік белсенділік қалпына келген. Мәселен, биылғы тоғыз айда жұмыс істейтін шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 37,2 пайызға артты",-деді Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев.

Қала басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасының жүзеге асырылуы және 2030 жылға дейінгі ортамерзімді перспективалары, сонымен қатар дамудың бекітілген негізгі басымдықтарын ескере отырып, қаланың 2040 жылға дейінгі жаңа Бас жоспарын әзірлеу барысы туралы баяндады.

Мемлекет басшысына инженерлік инфрақұрылымды дамыту жұмыстары, мектептердегі орын тапшылығын төмендету үшін қабылданып жатқан шаралар, бірыңғай бейнемониторинг жүйесін құру жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы туралы мәлімет берілді.

Кездесу соңында Президент қаланың экономикасын одан әрі әртараптандыру және инфрақұрылымын жаңғырту жөнінде тапсырма берді.

 

 

 

 

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket